Ұлу терапиясы бізде де бар
Бүгінгі сән әлемін жаулап алған ұлу терапиясы жайында естіген шығарсыз? Иә, жыбырлаған жәндік бетіңізге массаж жасайды. Түрі сұсты көрінгенімен, бет терісіне тигізер пайдасы мол. Оның сыры мынада, ұлудың құрамында теріні жасартатын нәрлі заттар бар. Оның баяу қозғалысы теріге жағымды әсер етіп, қан айналымды жақсартады екен. Бүгінгі қаузайтын әңгімеміз косметологиядағы ең жас әрі соңғы кезде сәнге айналған ұлутерапиясы жайында болмақ.
Бүгінде сыртқы келбет пен әсемдікке ерекше ден қойған қыз-келіншектер сұлулық салонына жиі барады. Олар бет күтіміне тіпті, жәндіктердің де пайдасы бар екенін дәлелдеп келеді. Күтіп-баптауы аса қиын емес жәндікті үй жағдайында өсіріп те, оны кәсіп көзіне айналдырған да жандар бар. Соның бірі «Марал» салонының косметологы Райхан Мысаева. Ол Ахатин атаулы ұлуының емдік қасиетіне көзі жете келе қыз-келіншектердің бет күтіміне септігін тигізуді ойға алған.
– Ұлудың адам ағзасына берер пайдасы көп. Оның құрамында теріні жасартып, жаңартатын нәрлі заттар бар. Сол арқылы денедегі бөртпе, безеу, дақ, әжім, тыртықтардың ізсіз жойылуына көмектеседі. Қазіргі әр түрлі майлы кремдерден гөрі табиғи емнің нәтижесі жоғары. Мәселен, корей елінің косметикалық өнімдерінің басым көпшілігі осы ұлудың ағзасында болатын нәрлі сұйықтықтан жасалады екен. Мұның пайдасына бүгінде нәзікжандылардың көзі анық жеткен. Бұл ұлуларды өзіміздің Байқоңыр қаласынан арнайы алдырдым. Күтімі де аса қиын емес, – дейді ол.
Бір қызығы пайдалы бұл ұлулар тұзды тағамдарды мүлдем жемейді. Күтімі бөлек ұлу сүт өтімін жақсы көреді екен.
– Ұлуды арнайы пластмасса ыдыста сақтаймын. Арасында су, сүт құйып тұрамын. Салат жапырағын, асқабақ, қияр, сәбіз, аскөк жейді. Банан, алма сияқты жемістерді де тұтынады. Қияр мен жасыл салаттарды көбірек жейді, өйткені олар шырындылау ғой, оның үстіне құрамында косметикада қажетті витамин, минералдар бар. Тек қышқыл нәрселер бермеу керек. Басқа да сақтық шараларын қолданамын. Кальций көп бөлінуі үшін жұмыртқаның қабығын ұнтап та беремін. Екі күнде бір рет ыдысын тазартып тұрамын, – дейді Райхан.
Көбі бұл процедурадан қорқады. Себебі, жыбырлаған жәндіктің шағып алардай көрінеді. Бірақ, мұның да өзіндік сыры бар екен.
– Ұлуды бетке қоярда денесін тазартып, залалсыздандыру қажет. Бет терісі де алдын-ала тазартылады. Ұлу бетке жарты сағатқа қойылады. Олар ақырын жылжи отырып, бауырынан сілекей бөледі. Кейін сілекейді бетке толықтай жағамыз, ол бет терісін «пленка» сияқты жабады. Оның кебуін күтіп, 10-15 минуттан соң жылы сумен шайып тастаймыз. Емделуші күн астына шығар кезде бетке оның зиянды сәулесінен қорғайтын крем жағуы керек. Бізде де бұл терапия түрі дамып келеді. Оның дәлелін келген тұтынушылардың санынан аңғаруға болады, – дейді Райхан Мысаева.
Бұл кішкентай жәндік қыз-келіншектердің сұлулығын сақтап, ажарландыра түсуіне өз септігін тигізбек. Қысқасы, жұрттың айтып жүрген «ұлутерапиясы» бізге де келіп жетті.

Айнұр ӘЛИ