» » Qazaqstan Media Awards аясында «Тұмар» және «Үркер» мерейтойлық ұлттық сыйлықтарына өтінім қабылдау басталды

Qazaqstan Media Awards аясында «Тұмар» және «Үркер» мерейтойлық ұлттық сыйлықтарына өтінім қабылдау басталды


Осы жылы «Тұмар» және «Үркер» ұлттық сыйлықтарына 10 жыл толады. Мерейтойлық шара Qazaqstan Media Awards аясында өтеді.

Өткізіліп келе жатқан жылдар ішінде «Тұмар» және «Үркер» ұлттық сыйлықтары Қазақстанның медиа саласының маңызды бөлігіне айналып, отандық журналистика мен медианың дамуына үлес қосқан журналистерді, редакцияларды және жобаларды жыл сайын атап өтіп келеді.

Мерейтойлық іс-шара сыйлықтар тарихындағы ерекше кезең болмақ. Өйткені осы жолы «Тұмар» және «Үркер» сыйлықтары алғаш рет Qazaqstan Media Awards аясында бірігеді.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің бастамасымен ұйымдастырылатын конкурсқа медиаконтент өндірумен және таратумен айналысатын республикалық және өңірлік телеарналар, радиостанциялар, баспа және интернет-басылымдар қатыса алады.

Конкурсқа 2025 жылғы 18 қыркүйектен бастап 2026 жылғы 18 қыркүйекті қоса алғандағы кезеңде жарияланған немесе эфирге шыққан жұмыстар қабылданады. Байқауға қазақстандық БАҚ журналистері, тележүргізушілер, медиажобалардың авторлары мен жасаушылары, редакциялар және шығармашылық ұжымдар қатыса алады.

Конкурсқа қатысуға өтінімдер 2026 жылғы 18 қыркүйек пен 2 қазан аралығында қоса алғанда QMA.kz сыйлықтың ресми сайтында екі негізгі бағыт бойынша қабылданады.

Телевизиялық журналистика
1. Үздік тележүргізуші
2. Үздік телевизиялық материал (репортаж, сұхбат)
3. Үздік телесериал
4. Үздік ақпараттық-талдамалық бағдарлама
5. Үздік деректі жоба
6. Қоғамдық жауапкершілік саласындағы үздік жоба («Заң мен тәртіп», «Таза Қазақстан»)

Баспа, интернет және радио журналистикасы
1. Жылдың үздік журналисті
2. Жылдың үздік материалы (сұхбат, репортаж, мақала)
3. Үздік талдамалық материал
4. Үздік медиажоба (YouTube, подкаст)
5. Үздік радиожоба
6. Журналистиканың болашағы: жасанды интеллект саласындағы үздік жоба

2026 жылы журналистиканың болашағы мен жаңа технологияларға ерекше назар аударылады. Медиа саласының жаңа даму бағыттарын көрсететін жасанды интеллект саласындағы жобаларға арналған номинация алғаш рет енгізіліп отыр.

Конкурстық жұмыстарды бағалауды белгілі журналистерден, саланың еңбек сіңірген қайраткерлері мен медиа сарапшылардан құралған тәуелсіз қазылар алқасы жүзеге асырады.
23 қыркүйек 2026 ж. 40 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№72 (10540)

22 қыркүйек 2026 ж.

№71 (10539)

18 қыркүйек 2026 ж.

№70 (10538)

15 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 895
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 149

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930