» » БІЛІМ САЛАСЫНДА ЖҮЙЕЛІ НӘТИЖЕ БАР, ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ЖАҢА МІНДЕТТЕР ҚОЙЫЛДЫ

БІЛІМ САЛАСЫНДА ЖҮЙЕЛІ НӘТИЖЕ БАР, ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ЖАҢА МІНДЕТТЕР ҚОЙЫЛДЫ


Аудан әкімінің тапсырмасына сәйкес, бүгін «Руханият» орталығында бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуымен аудандық білім бөлімінің басшысы Берік Жәнібековпен білім саласындағы нәтижелер және 2026–2027 оқу жылындағы негізгі жоспарларға арналған баспасөз брифингі өтті.

Өткен оқу жылында ауданымыздың жас өрендері республикалық және облыстық деңгейдегі пәндік олимпиадалар, ғылыми жобалар мен спорттық жарыстарда жоғары нәтижелер көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды. Педагогтер арасында да кәсіби байқауларда жеңімпаздар анықталып келеді.

Жаңа оқу жылында аудан бойынша 31 мектепте 15 485 оқушы білім алады. Оның ішінде 1 455 бала алғаш рет мектеп табалдырығын аттап, 1-сыныпқа қабылданды.

Бүгінде білім беру жүйесінде «Цифрлық сауаттылық және жасанды интеллект»,«Информатика және жасанды интеллект» пәндерінің оқу бағдарламалары жаңартылды. Бұдан бөлек «Конституция негіздері», «Заң мен Тәртіп», «Жеке қауіпсіздік» курстары да енгізілді.

Биыл Байқоңыр қаласындағы М.К. Янгель атындағы №7 мектеп Қазақстан Республикасының білім беру стандарты бойынша оқытатын №298 орта мектеп ретінде жұмысын бастады. Қызылтам ауылындағы №79 негізгі мектеп те жалпы орта білім беретін мектеп мәртебесіне ауыстырылды.

Оқушыларды оқулықтармен қамтамасыз ету мәселесі де толық шешілді. Биыл бірқатар сыныптардың оқулықтары жаңартылып, білім алушылар 100 пайыз оқулықпен қамтылып отыр.

Мектептердің материалдық-техникалық жағдайын жақсарту бағытында барлық білім беру ұйымдарында ағымдағы жөндеу жұмыстары атқарылып, бірқатар мектепте күрделі мәселелер өз кезеңімен шешілуде. Сондай-ақ Байқоңыр қаласындағы №272 және №274 мектептерде реновация жұмыстары жүргізілді. Бұған қоса педагогтердің кәсіби әлеуетін арттыру үшін аудандағы 1961 педагогтің барлығы жасанды интеллект бағытындағы курстардан өтті.

Мектепке дейінгі білім беру саласында 46 ұйымдағы 3504 бала тәрбиеленуде. 3–6 жастағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамту көрсеткіші 100 пайызды құрап отыр.

Әлеуметтік қолдау шаралары да назардан тыс қалған жоқ. «Мектепке жол» акциясы аясында 3033 балаға біржолғы материалдық көмек көрсетілді. Сонымен қатар демеушілердің қолдауымен 583 оқушы мектеп формасы және оқу құралдарымен қамтамасыз етілді.

Брифинг барысында Берік Съездіұлы цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектіні тиімді пайдалануды және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстардың жалғасатынын айтты. БАҚ өкілдерінің сауалдарына да толық жауап беріп, салаға қатысты тиісті түсініктемелерін ерекше атап өтті.

Айта кетсек биылғы жаңа оқу жылында білім беру ұйымдарында «Мектеп – ата-ана – қоғам» ынтымақтастығын нығайтуға, «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында оқушылардың бойына заң мен тәртіпті құрметтеу, еңбекқорлық және отансүйгіштік құндылықтарын қалыптастыруға басымдық берілмек.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

16 қыркүйек 2026 ж. 49 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (10538)

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 (10537)

12 қыркүйек 2026 ж.

№68 (10536)

08 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 863
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 119

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930