» » ТҰРҒЫН ҮЙ МӘСЕЛЕСІНЕ ҚАТЫСТЫ ТҮСІНДІРМЕ БЕРІЛДІ

ТҰРҒЫН ҮЙ МӘСЕЛЕСІНЕ ҚАТЫСТЫ ТҮСІНДІРМЕ БЕРІЛДІ


Бүгін аудандық «Руханият» орталығында өткен баспасөз брифингінде аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің тарапынан тұрғын үй табыстау бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтылды.

2025 жылдың басынан бері Жосалы кентінің Тәуелсіздік ықшам ауданында халықтың әлеуметтік осал топтарына арнайы салынған 30 тұрғын үйдегі 60 пәтердің бүгінгі күнге дейін 50 пәтері табысталған.

2025 жылғы 24 мамырдан бастап «Тұрғын үй қатынастары туралы» ҚР Заңына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар күшіне еніп, оларға сәйкес тұрғын үйге есеп қою, кезектілікті жүргізу және бөлу функциялары жергілікті атқарушы органдардан ұлттық даму институты мәртебесіне ие тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне, яғни «Отбасы банк» АҚ-на көшуіне байланысты осы ұйыммен бірлесе табыстау жұмыстары жүргізілуде.

Осыған байланысты қазір аудан бойынша тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарды «Отбасы банк» АҚ-ның түгендеуінен өткізу жұмыстары жүргізілуде. Бұл жұмыстар тұрғын үйді заң талаптарына сәйкес әділ әрі ашық бөлуге мүмкіндік береді.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

10 қыркүйек 2026 ж. 61 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (10537)

11 қыркүйек 2026 ж.

№68 (10536)

08 қыркүйек 2026 ж.

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 817
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 099

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930