» » Енді кез келген қазақстандық баспана кезегіне тұра алады

Енді кез келген қазақстандық баспана кезегіне тұра алады


Енді елімізде кез келген адам баспана кезегіне тұра алады. Яғни ешбір санатқа кірмейтін азаматтардың да мемлекеттен тұрғын үй алуға мүмкіндігі бар. Баспана кезегі, пәтерлерді бөлу сияқты функциялар жергілікті әкімдіктен Отбасы банкіне өтеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Тұрғын үй саясатын реформалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” заңға сәйкес, енді кәмелет жасына толған кез келген қазақстандық ешқандай санатқа кірмесе де, баспана кезегіне тұра алады. Өтінімді онлайн бере алады. Ал үй кезегінде тұрғандардың бірыңғай электронды базасын жүргізу, азаматтарды есепке қою, баспана беру сияқты шешімдерді Отбасы банкі қабылдайды.
Үйді бөлу кезінде жетім немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, көпбалалы аналар мен көпбалалы отбасыларға және мүгедектігі бар жандарға басымдық беріледі.
“ҚР азаматы мемлекеттен бір рет тұрғын үйге кезегіне тұруға мүмкіндік алады. Яғни оның атында кейінгі 5 жылда үй болмауы керек немесе тұрып жатқан үйі апатты деп танылуы тиіс. Бұрын кезекке тұру үшін жаңағы мекемеге барып, өз санатыңызды растап, одан кейін тағы бір жерге барып кезекке тұру керек еді. Енді мұның қажеті жоқ. Тек Отбасы банкіне тіркелсе болғаны”, – деді "Отбасы Банкі" ақ басқарма төрағасының орынбасары Жансұлтан Матай.
Жалға берілетін пәтерлерді үлестіру де Отбасы банкінің құзіретіне кірді. Банк азаматтардың табыс деңгейіне байланысты шешім шығарады. 
“Заңға сәйкес, шешімді деректер қорынан қарап қабылдаймыз. Әрі қарай келісім жасап, алу – әкімдіктің жұмысы. Кезектің барлығы әкімдіктің тарапынан Отбасы банкіне өткеннен кейін әкімдік тұрғын үй саясатына қатыспайды деген сөз емес. Әкімдік тұрғын үйді салу, оны жалға берумен айналысады”, – деді “Отбасы банк” өкілі.
Аталған өзгеріс 6 айдан кейін күшіне енеді. Оған дейін қазақстандықтарды есепке қоюмен жергілікті әкімдіктер айналысады.
26 қараша 2024 ж. 80 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№7 (10375)

28 қаңтар 2025 ж.

№6 (10374)

24 қаңтар 2025 ж.

№5 (10373)

21 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 345
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031