» » Еліміздегі жаңа ипотекалық бағдарламаның шарттары өзгерді

Еліміздегі жаңа ипотекалық бағдарламаның шарттары өзгерді

Фото pixabay-дан

Қазақстанда "Отау" ипотекалық бағдарламасының шарттары өзгерді. Енді атында тұруға арналмаған жылжымайтын мүлік немесе ортақ жекешелендірілген тұрғын үйдегі үлес болып, бағдарлама бас тартқан қазақстандықтар өтінімді қайта бере алады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Осы уақытқа дейін бағдарламаға қатысушылардың атында 5 жыл ішінде мүліктің болмауын арнайы мемлекеттік жүйенің көмегімен автоматты түрде тексерілді. Сол себепті атында қандай да бір мүлкі барларға теріс жауап келіп жүрді. Ал шындығында олардың көпшілігінің атында үй емес, ауыл шаруашылығын жүргізуге арналған тұрақ, қойма, жер учаскесі немесе жалпы жекешелендірілген тұрғын үйдегі үлесі болған.
Бағдарламаның жаңа шарты бойынша енді оларға қайта өтініш беруге болады.
"Бізге шалғайдағы ауылдағы шағын үйде басқа да көптеген отбасы мүшелерімен бірге тұрғын үй үлесі бар клиенттеріміз жүгінді. Гараж бен кішкентай қоймасы атына тіркелген адамдар да бар екен. Әрине, бұл фактілер оларға баспана қажет емес дегенді білдірмейді. Біз азаматтардың барлық өтініштерін мұқият қарап, "Отау" бағдарламасы бойынша бас тартылған азаматтардың деректеріне талдау жасадық. Қалыптасқан жағдай бойынша жеке шешім әзірледік. Енді азаматтар жылжымайтын мүліктің болуы бойынша деректерді объективті тексеру үшін оны қолмен жүктейтін болады. Сондықтан біздің салымшылар меншігінде тұрғын емес жылжымайтын мүлік болса да "Отау"бағдарламасына қайта өтініш білдіре алады. Өтініш 22 сәуірден 30 сәуірге дейін “Баспана маркет” порталында қабылданады", - деп түсіндірді" Отбасы Банкі" басқармасының төрағасы Ләззат Ибрагимова.
Банк "Отау" бағдарламасы бойынша өтінімдердің жұмыс күндері сағат 9:00-ден 21:00-ге дейін қабылданатынын жеткізді.
Өтінімдерді қабылдау аяқталғаннан кейін банк тізімді саралайды. Шешім банк порталында жарияланады. Содан кейін бағдарламаға қатысушының несиелік өтінім беру үшін шамамен 40 жұмыс күні болады. Егер ол несие бойынша оң мақұлдау алса, онда ол өзіне баспана табуға тағы 6 ай уақыт алады.
Тұрғын үйді Алматыда, Астанада, Шымкентте және облыс орталықтарында ҚМК кепілдігімен үлестік қатысу шарты бойынша не сақтандыру құралын пайдалана отырып сатып алуға болады. Бағдарламаға қатысушы аяқталмаған тұрғын үйді “Баспана маркеттен” таңдай алады.
"Отау" бағдарламасының несиелік шарттары:
  • 20 пайыздан бастап-бастапқы жарна;
  • 9 пайыз (ЖЭС 9,2 пайыздан 11,8 пайызға дейін) несие бойынша мөлшерлеме;
  • несие мерзімі – 19 жылға дейін.
21 сәуір 2024 ж. 252 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10359)

26 қараша 2024 ж.

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 318

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 414

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930