» » ЖАС МАМАНДАР – ӨНДІРІСТІК ИННОВАЦИЯЛАР МЕН ИНДУСТРИЯЛАНДЫРУДЫҢ ҚОЗҒАУШЫ КҮШІ

ЖАС МАМАНДАР – ӨНДІРІСТІК ИННОВАЦИЯЛАР МЕН ИНДУСТРИЯЛАНДЫРУДЫҢ ҚОЗҒАУШЫ КҮШІ

«Әділет» партиясының 2026–2031 жылдарға арналған «Әділетті болашақ үшін» сайлауалды бағдарламасында адам әлеуетін дамытуға, кәсіби дағдыларды жетілдіруге, заманауи технологиялар мен цифрландыруды дамытуға, сондай-ақ сапалы жұмыспен қамтуға басымдық берілген.

Осы бағыттарды негізге ала отырып, «Әділет» партиясы Байқоңыр филиалына қарасты «Бірлік» бастауыш партия ұйымының ұйымдастыруымен жас мамандардың қатысуымен «Жас мамандар – өндірістік инновациялар мен индустрияландырудың қозғаушы күші» тақырыбында стратегиялық сессия өтті.

Шара барысында өндірісті жаңғырту, заманауи технологияларды енгізу, цифрландыру, еңбек өнімділігін арттыру және жас кадрларға жаңа мүмкіндіктер қалыптастыру мәселелері талқыланды.

Жас мамандар өз ұсыныстары мен идеяларын ортаға салып, өндірістің тиімділігін арттыруға бағытталған нақты бастамаларымен бөлісті.

«Әділет» партиясы жастардың бастамаларын қолдап, олардың кәсіби және қоғамдық әлеуетін дамытуға бағытталған жұмыстарды жалғастыра береді.
09 қыркүйек 2026 ж. 185 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№80 (10548)

20 қазан 2026 ж.

№79 (10547)

16 қазан 2026 ж.

№78 (10546)

13 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 125
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 319

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031