» » «АДАЛ ЕҢБЕК, АЛТЫН ДӘННІҢ ОРДАСЫ» АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АҚЫНДАР АЙТЫСЫ ӨТТІ

«АДАЛ ЕҢБЕК, АЛТЫН ДӘННІҢ ОРДАСЫ» АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АҚЫНДАР АЙТЫСЫ ӨТТІ


Нағи Ілиясов ауылының 60 жылдық мерейтойы аясында «Адал еңбек, алтын дәннің ордасы» атты республикалық ақындар айтысы өтті.
Ұлттық өнердің ұлы додасына еліміздің түкпір-түкпірінен танымал айтыскер ақындар мен жас таланттар қатысып, суырыпсалма өнердің биік үлгісін көрсетті. Ақындар өзара сөз сайысына түсіп, ел тарихы, туған жер тағылымы, еңбек адамының өнегесі мен ауылдың әлеуметтік-экономикалық жетістіктерін арқау етті.
Айтыстың мәні мен мазмұнын бағалауға қазылар алқасының құрамында Қазақстанның Халық жазушысы, «Құрмет», «Парасат», «Отан» ордендерінің иегері Жүрсін Молдашұлы Ерман арнайы келіп қатысты.
Республикалық айтысқа Қарағанды облысынан Мақсат Ақанов пен Дидар Қамиев, Павлодар облысынан Аспанбек Шұғатаев, Ақтөбе қаласынан Аруана Кәрімбек, Астана қаласынан Рауан Қайдар, Түркістан облысынан Ахметрасул Байанбай, Қызылорда облысынан Мейірбек Сұлтанхан, Нұрмат Мансұр, Бексұлтан Орынбасар, Алматы қаласынан Нұрзат Қару қатысты.
Айтыс барысында ақындар ел бірлігі мен жер тұтастығын, туған өлкенің тарихы мен бүгінгі жетістіктерін жырлап, еңбекпен елге қызмет етудің маңызын көрерменге жеткізді. Өнерпаздардың ұтқыр ойы мен өткір сөзі, тапқырлығы мен шешендігі көпшілікке көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Қазылар алқасының шешімімен республикалық айтыстың Бас жүлдесі Қызылорда облысының ақыны Нұрмат Мансұрға бұйырды. І орын Қарағанды облысының ақыны Мақсат Ақановқа, ІІ орын Павлодар облысының ақыны Аспанбек Шұғатаевқа берілді. Ал ІІІ орынды Қызылорда облысының ақыны Бексұлтан Орынбасар мен Алматы қаласының ақыны Нұрзат Қару иеленді. Сондай, ақ айтысқа қатысқан өзге де ақындардың барлығына арнайы жүлде табысталып, 500 мың теңгеден ақшалай сыйақылар табысталды.
Ұлттық өнердің ұлағатын ұлықтаған айтулы шара Нағи Ілиясов ауылының 60 жылдық мерейтойының мазмұнын байытып, ел тарихы мен еңбек адамдарының өнегесін дәріптеуге айрықша үлес қосты.


09 қыркүйек 2026 ж. 56 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 799
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 086

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930