» » ТАЙЛАҚ БАТЫРДЫҢ 333 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

ТАЙЛАҚ БАТЫРДЫҢ 333 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

«Руханият» орталығында ел бірлігі жолында ерлігімен танылған даңқты қолбасшы, Кіші жүз жасақтарының әйгілі сардары Тайлақ Мәтіұлының 333 жылдығына арналған «Батырлар институты: ұлттық рух пен құндылықтар сабақтастығы» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Тарихи тұлғаның өнегелі өмірі мен ерлігін зерделеуге арналған конференцияға Астана, Алматы, Шымкент, Түркістан, Қызылорда қалаларынан ғалымдар, тарихшылар, өлкетанушылар, жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылары, тарихи тұлғалар атындағы қоғамдық қорлардың өкілдері, Тайлақ батырдың ұрпақтары, ауданның зиялы қауым өкілдері мен ел азаматтары қатысты.

Батырлар дәстүрінің тарихи сабақтастығын көрсетіп, жас ұрпаққа ел қорғаған тұлғалардың ерлік жолын үлгі ету мақсатында өткен жиынға «Әзірет Сұлтан» Ұлттық-мәдени музей-қорығы директорының орынбасары, тарих ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Мұрат Тастанбеков модераторлық етті.

Келелі кездесуде аудан әкімінің орынбасары Диас Молдабаев құттықтау сөз сөйлеп, тарихи тұлғаларды ұлықтаудың маңызына тоқталды.

– Тарих – ұлттың жады. Ал сол тарихты жасаған тұлғаларды дәріптеу – бүгінгі ұрпақтың парызы. Тайлақ батыр – ел басына күн туған кезеңде туған жері мен халқының азаттығы жолында ерлік көрсеткен тұлғалардың бірі. Оның өмірі мен ерлік жолы бүгінгі ұрпақтың бойына елжандылық қасиеттерді сіңіру үшін аса маңызды, – деді Диас Молдабаев.

Мұнан соң Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, жазушы Жандарбек Қарабасов «Мәтіұлы Тайлақ батыр – тарихи тұлға» тақырыбында баяндама жасаса, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы Алпысбес Махсат Алпысбесұлы «Олжабай батырдың киесі туралы қазақ шежіресінің деректі мәліметтері» тақырыбын қозғады.

Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы Бекмұрат Найманбаев жоңғар шапқыншылығына қарсы күрестегі Тархан Есет батырдың рөліне тоқталды.

Сондай-ақ «Билер институты – қазақ қоғамындағы ерекше құрылым», «Сіргелі Қарабатыр (Тілеуке) – қазақ халқының даңқты қолбасшысы», «Тайлақ Мәтіұлы – қазақ-қалмақ шайқастарының қаһарманы», «Қазақ поэзиясындағы Тайлақ батыр бейнесінің көркемдік интерпретациясы» тақырыптарында баяндамалар тыңдалды.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

29 тамыз 2026 ж. 43 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

№64 (10532)

24 тамыз 2026 ж.

№63 (10531)

22 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 748
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 192

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31