» » ТАЙЛАҚ БАТЫРДЫҢ 333 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ҰЛТТЫҚ СПОРТТАН ЖАРЫС ӨТТІ

ТАЙЛАҚ БАТЫРДЫҢ 333 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ҰЛТТЫҚ СПОРТТАН ЖАРЫС ӨТТІ


Тайлақ Мәтіұлының 333 жылдығына арналған тағылымды шаралар легі ұлттық спорт түрлерінен ұйымдастырылған жарыстармен жалғасты.

Бүгін «Руханият» орталығының алдында батыр бабаның рухына тағзым етіп, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында спорттық жарыстар өтті.

Жарысқа ауданның және өзге де аймақтардан келген 300-ге жуық спортшы қатысып, өзара бақ сынасты. Спортшылар қазақ халқының дәстүрі мен ұлттық болмысын айшықтайтын бес спорт түрі – қазақ күресі, қол күресі, гір спорты, арқан тартыс және дәстүрлі садақ атудан ерлер және әйелдер де сынға түсті.

Ұлттық спорттың әр түрінен қатысушылар күш-жігері мен шеберлігін көрсетіп, тартысты бәсеке болды.

Жарыс қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен спортшылар анықталып, жүлделі орындарға ие болған жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы дипломдар және сыйлықтармен марапатталды.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

29 тамыз 2026 ж. 170 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№82 (10550)

29 қазан 2026 ж.

№81 (10549)

24 қазан 2026 ж.

№80 (10548)

20 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 206
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 394

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30