» » ХАЛЫҚ ТАҢДАУЫ – ЕЛ БОЛАШАҒЫ

ХАЛЫҚ ТАҢДАУЫ – ЕЛ БОЛАШАҒЫ

Қазақстанда алғаш рет Құрылтай депутаттарының сайлауы 23 тамыз күні еліміздің барлық өңірінде ұйымдасқан түрде өтті. Таңғы сағат 07:00- де басталған дауыс беру азаматтарға елдің қоғамдық-саяси өміріндегі маңызды таңдауын жасауға мүмкіндік берді. Сайлау 10 423 учаскеде өтіп, 145 депутаттық мандатқа 545 кандидат ұсынылды.
Бұл маңызды саяси науқан ауданымызда да жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Барлық 35 сайлау учаскесі белгіленген уақытта жұмысын бастап, сайлаушыларды қабылдауға толық дайын болды. Учаскелер қажетті құрал-жабдықтармен және тиісті материалдармен қамтамасыз етіліп, азаматтардың өз таңдауын еркін әрі қолайлы жағдайда жасауына мүмкіндік қарастырылды. Әр сайлау учаскесінде сайлаушыларға қажетті ақпарат беріліп, олардың дауыс беру құқықтарын толық жүзеге асыруына жағдай жасалды. Сонымен қатар ерекше қажеттілігі бар азаматтардың да сайлауға қатысуы үшін тиісті қолжетімділік ұйымдастырылды. Сайлау комиссиялары дауыс беру процесінің талапқа сай, ашық әрі заң аясында өтуін қамтамасыз ету бағытында жұмыс істеді.
Қызылорда облысында да тұрғындардың сайлауға қатысу белсенділігі жоғары болды. ҚР Орталық сайлау комиссиясының мәліметіне сәйкес, өңірдегі сайлаушылардың 90,75 пайызы дауыс беруге қатысты.Сайлау күні ауданда азаматтардың дауыс беруіне қажетті жағдай жасауға ерекше көңіл бөлінді. Денсаулығына немесе басқа да себептерге байланысты сайлау учаскесіне келе алмайтын азаматтар үшін үйден дауыс беру мүмкіндігі қарастырылды. Сайлау учаскесінде де қарт тұрғындардың сайлауға қатысуына қолдау көрсетілді. Егде жастағы азаматтарды тұрғылықты мекенжайларынан сайлау учаскелеріне жеткізу үшін автоеріктілер жұмылдырылды.
Сайлау күні аудан бойынша қоғамдық көлікте жолаушыларға тегін жол жүру мүмкіндігі де жасалды. Автоволонтерлердің көмегі мен қоғамдық көліктің қолжетімді болуы — тұрғындардың сайлау учаскелеріне кедергісіз жетуіне мүмкіндік берді. Бұл бастамалар әсіресе аға буын өкілдерінің азаматтық құқықтарын жүзеге асыруына жасалған қолдаудың көрінісі болды.
Құрылтай сайлауы орталық ауруханада да ерекше сәтпен есте қалды. Сайлау күні дүниеге келген сәбилердің аналарына арнайы көңіл бөлініп, ізгі тілектер айтылды. Айтулы күн аясында таңдау жасау мен жеке отбасының қуанышы қатар өрбіді. Сайлау күні елді мекен тұрғындары үшін ұлттық құндылықтарды ұлықтаған ерекше сипатымен де есте қалды. Дауыс беруге келген жұртшылыққа бауырсақ пен қымыз ұсынылып, ұлттық киім киген тұрғындар мерекелік көңіл күй сыйлады. Сайлау учаскесінде ұлттық әуендер шырқалып, спорттық ойындар ұйымдастырылды. Сонымен қатар алғаш рет дауыс беруге келген жастар да белсенділікпен азаматтық жауапкершіліктерін көрсетті. Құрылтай сайлауының мәні тек дауыс берумен шектелмеді. Ол азаматтардың ел болашағына қатысты ұстанымын білдіріп, қоғамдық жауапкершілігін танытты.
Сайлау учаскелерінің толық дайын болуы, үйден дауыс беру мүмкіндігінің ұйымдастырылуы, қарт тұрғындарға автоеріктілердің көмектесуі және қоғамдық көліктің тегін қызмет көрсетуі – барлығы бір мақсатқа, яғни азаматтардың сайлау процесіне еркін қатысуына бағытталды.
Құрылтай сайлауы елдің саяси өміріндегі жаңа кезеңнің басталуын білдіретін маңызды қадам болды. Ал ауданымызда сайлау күні тұрғындардың азаматтық белсенділігімен қатар, үлкенге құрмет, өзара қолдау және ортақ іске деген жауапкершілікті де таныта білді. Бұл – ел ішіндегі ауызбірліктің нақты жемісі.
Бауыржан ЖҮНІС
25 тамыз 2026 ж. 28 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№64 (10532)

24 тамыз 2026 ж.

№63 (10531)

22 тамыз 2026 ж.

№62 (10530)

17 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 725
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 170

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31