» » Тоғызқұмалақ тарланы Елеусін Білімжан дауыс берді

Тоғызқұмалақ тарланы Елеусін Білімжан дауыс берді

Сырдария ауданы, №157 сайлау учаскесінде тоғызқұмалақтан Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы, халықаралық және республикалық жарыстардың чемпиондары мен жүлдегерлерін тәрбиелеген Елеусин Білімжан Мектепханұлы дауыс берді.
Ұлттық спортты дамытуға және жас ұрпақты тәрбиелеуге елеулі үлес қосып жүрген тәжірибелі жаттықтырушы өз таңдауын жасап, азаматтық міндетін орындады.
Дауыс беру рәсімінен кейін журналистерге қысқаша сұхбат берген Елеусин Білімжан Мектепханұлы ел өміріндегі маңызды сәттерде әр азаматтың белсенділік танытып, өз таңдауын жасауы қажет екенін атап өтті.
– Әр азаматтың дауысы маңызды. Бүгін өз таңдауымды жасап, азаматтық борышымды орындадым. Елдің болашағы жарқын болсын, – деді Елеусин Білімжан.
Тоғызқұмалақтан шәкірт тәрбиелеп, ұлттық спорттың дамуына үлес қосып жүрген белгілі жаттықтырушының азаматтық ұстанымы көпшілікке үлгі.
23 тамыз 2026 ж. 109 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№84 (10552)

07 қараша 2026 ж.

№83 (10551)

03 қараша 2026 ж.

№82 (10550)

29 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 269
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 426

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30