Құрылтай
» » ТҰРҒЫН ҮЙ МЕН ИНЖЕНЕРЛІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫ ДАМЫТУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ БАРЫСЫ ҚАРҚЫНДЫ

ТҰРҒЫН ҮЙ МЕН ИНЖЕНЕРЛІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫ ДАМЫТУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ БАРЫСЫ ҚАРҚЫНДЫ


Бүгін «Руханият» орталығында бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуымен аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің атқарылып жатқан жұмыстарының барысы бағытында баспасөз брифингі өтті.

Брифингте бөлім басшысының міндетін атқарушы Самат Қабақов аудандағы құрылыс, инженерлік инфрақұрылым және тұрғын үй бағыттарындағы жұмыстарға тоқталды.

Биыл жалпы құны 7,7 млрд теңгені құрайтын 5 нысанның құрылысын жүргізу және әлеуметтік осал топтарға арналған 200 пәтер сатып алу жоспарланып отыр.

Бүгінде Жосалы кентінің «Тәуелсіздік» шағын ауданын ауыз сумен қамту, магистральді су құбырын жаңғырту, сондай-ақ Ақтөбе, Ақжар және Қуаңдария елді мекендерінің су жүйелерін қайта құру жобалары қарастырылған.

Сонымен қатар жалпы құны 12,6 млрд теңгені құрайтын Байқоңыр қаласының сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін реконструкциялау жобасы аясында жұмыстар жүргізілуде. 2025-2026 жылдары 31,1 шақырым кәріз жүйесі жаңғыртылса, қазіргі уақытта су құбыры желілерінің құрылысы бойынша да жұмыстар атқарылуда.

Тұрғын үй мәселесін шешу бағытында 2021-2025 жылдары Байқоңыр қаласында 50 пәтерлік 5 тұрғын үй салынып, пайдалануға берілді. Сонымен қатар 2023-2025 жылдары аудан орталығынан әлеуметтік осал топтарға 267 пәтер сатып алынды.

Биыл әлеуметтік осал топтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында 200 пәтер сатып алуға қаржы қаралып, жыл соңына дейін тиісті жұмыстарды аяқтау жоспарлануда.

Брифинг барысында Самат Еділұлы атқарылып жатқан жұмыстармен қатар, алдағы кезеңдегі негізгі міндеттерге тоқталып, БАҚ өкілдерінің сауалдарына жауап берді.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

21 тамыз 2026 ж. 48 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№62 (10530)

17 тамыз 2026 ж.

№61 (10529)

15 тамыз 2026 ж.

№60 (10528)

11 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 701
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 145

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31