Топ-баннер
» » СУМЕН ЖАБДЫҚТАУ ЖӘНЕ СУ БҰРУ ЖҮЙЕЛЕРІН ЖАҢАРТУ ЖОБАСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

СУМЕН ЖАБДЫҚТАУ ЖӘНЕ СУ БҰРУ ЖҮЙЕЛЕРІН ЖАҢАРТУ ЖОБАСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ


Байқоңыр қаласының инженерлік инфрақұрылымын жаңғырту мақсатында жүзеге асырылып жатқан сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін реконструкциялау жобасы бойынша алда атқарылатын жұмыстарды пысықтау үшін жұмыс кеңесі өтті.

Кеңеске Қармақшы ауданы әкімінің орынбасары Самат Қыдырбекұлы, Қазақстан Республикасы Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілі қызметін қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Жан Шайхысламұлы, Байқоңыр қаласы әкімшілігі басшысының орынбасары Сергей Павлович, сондай-ақ жауапты сала басшылары қатысты.

Жиын барысында жобаның екінші кезеңі бойынша іске асырылатын жұмыстар мен оның жүзеге асу барысы талқыланды. Алдағы уақыттағы Байқоңыр қаласы аумағында іске асырылатын техникалық және инфрақұрылымдық шешімдер де нақтыланды.

Айта кету керек, қазіргі таңда реконструкциялау жобасының екінші кезеңінің құрылыс жұмыстары басталуда. Бұл кезеңде негізгі инженерлік желілер жаңартылып, су жүйесінің сапасы жақсартылатын болады.

Аталған жоба — қала мен аудан халқының тұрмыстық жағдайын жақсартуға, сондай-ақ инженерлік инфрақұрылымды заманауи талаптарға сай жетілдіруге бағытталған маңызды бастама болып табылады.

17 қазан 2025 ж. 134 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№13 (10480)

17 ақпан 2026 ж.

№12 (10479)

14 ақпан 2026 ж.

№11 (10479)

10 ақпан 2026 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 454
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 287

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728