Құрылтай
» » СУ АЙДЫНДАРЫНДА ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ БАҚЫЛАУДА

СУ АЙДЫНДАРЫНДА ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ БАҚЫЛАУДА


Аудан тұрғындарының, әсіресе балалардың судағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында аудан әкімігі, ішкі істер бөлімі, аудандық Төтенше жағдайлар бөлімі және білім бөлімі мамандарының қатысуымен су айдындарында кезекті рейдтік іс-шара өткізілді.

Жазғы демалыс кезеңінде суға шомылушылар саны артып, қауіпсіздік талаптарын сақтау өзекті мәселеге айналады. Осыған байланысты тұрғындарға суға тек рұқсат етілген орындарда шомылу, балаларды ересектердің қарауынсыз су айдындарына жібермеу және қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Рейд барысында белгіленбеген жерлерде суға түсудің адам өміріне зор қауіп төндіретіні ескертіліп, сақтық шараларын сақтау қажеттігі түсіндірілді.

Мұндай профилактикалық рейдтер суға түсу маусымы аяқталғанға дейін тұрақты түрде жалғасатын болады.

Құрметті аудан тұрғындары!
Өз өміріңіз бен жақындарыңыздың қауіпсіздігіне бейжай қарамаңыз. Су айдындарында қауіпсіздік ережелерін сақтап, балаларды әрдайым бақылауда ұстаңыз. Сақтық – қауіпсіздіктің басты кепілі!

19 тамыз 2026 ж. 47 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№62 (10530)

17 тамыз 2026 ж.

№61 (10529)

15 тамыз 2026 ж.

№60 (10528)

11 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 688
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 138

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31