» » Құрметті жерлестер! Қадірлі спорт саласының жанашырлары!

Құрметті жерлестер! Қадірлі спорт саласының жанашырлары!

Сіздерді спорт күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Салауатты ұрпақ қалыптастырып, елдің рухын көтеруде бұл маңызды саланың орны айрықша. Бүгінде спортпен шұғылдану – денсаулықты нығайтумен қатар, биік мақсаттарға ұмтылуға бастайтын маңызды қадам деп білемін.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев бұқаралық спортты дамытуға, халықтың денешынықтырумен айналысуына жағдай жасауға ерекше мән беріп келеді. Бұл бағыттағы жұмыстардың түпкі мақсаты – дені сау, рухы мықты ұрпақ қалыптастыру.
Киелі Қармақшы ауданы үшін де спорт саласының алар орны айрықша. Ауданымыздан елдік додаларда жеңіс тұғырынан көрініп, көк Туымызды биіктерде желбіретіп жүрген батырларымыз аз емес. Бүгінде біздің мақтаныштарымыз Әлемдік аренада бірнеше рет Әнұранымызды шырқатып, бейбіт еліміздің абыройын асқақ етуде өз үлестерін қосып жүр. Олардың әрбір жетістігі – кейінгі буынға жігер беріп, жастарды спортқа баулитын үлкен өнеге.
Осы орайда, барша спортшыларымызға, жаттықтырушыларға, спорт ардагерлеріне және сала мамандарына қажырлы еңбектері үшін ерекше алғысымды білдіремін! Спорт – ел рухын биіктететін қуат екенін ескерсек, Сіздердің табанды еңбектеріңіз бен жеңіске деген жігерлеріңіз ауданымыздың спорттық әлеуетін арттыра түсуде.
Ардақты ағайын!
Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық пен толағай табыс тілеймін. Жас спортшыларымыз биік белестерді бағындырып, ел мерейін үстем ете берсін! Жеңісті жолдарыңыз жалғасып, көк Туымыз әрдайым биікте желбіресін!
Құрметпен, аудан әкімі Жандос ЕРКІНБЕК
16 тамыз 2026 ж. 70 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№71 (10539)

18 қыркүйек 2026 ж.

№70 (10538)

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 (10537)

12 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 878
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 131

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930