АҚЖАРДА АУЫЛДЫ ДАМЫТУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР ЖАЛҒАСУДА
Аудан әкімінің тапсырмасымен «Руханият» орталығында Ақжар ауылдық округінің 2026 жылдың алғашқы жартыжылдығында атқарған жұмыстарының қорытындысына арналған баспасөз брифингі өткізілді.
Брифингте Ақжар ауылының Нұржамал Тұрсынбаева ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуы және барлық саладағы жұмыстарды баяндады.
Ақжар ауылында негізгі басымдық ауыл шаруашылығын дамытуға беріліп отыр. Биыл округ бойынша 35 гектар жерге тұрғындардың картоп, бақша және көкөніс өнімдері егілді. Сонымен қатар шаруашылықтар тарапынан 2000 гектар күріш, 1615 гектар жоңышқа, 360 гектар мақсары және 126 гектар жүгері орналастырылды.
Кәсіпкерлік саласында 72 субъект тіркеліп, оның басым бөлігі тұрақты жұмыс істеп тұр. «Ауыл аманаты» жобасы арқылы тұрғындар өз кәсібін дамытуға мүмкіндік алды.
Ауылдың инфрақұрылымын жақсарту бағытында Ораз ахун және Ж.Тұяқбаев көшелеріне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Алдағы кезеңде тағы төрт көшеге жол құрылысы жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Сонымен қатар ауылды газдандыру бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірлеу жұмыстары қолға алынуда.
Көркейту-көгалдандыру жұмыстары нәтижесінде ауыл аумағына 1250 түп ағаш және жеміс-жидек көшеті отырғызылса, білім және спорт саласында да оң көрсеткіштер қалыптасқан.
Нұржамал Бектайқызы қойылған сұрақтарға толық жауап беріп, алдағы уақытта елді мекеннің инфрақұрылымын жақсарту, ауыл шаруашылығы мен кәсіпкерлікті қолдау, абаттандыру жұмыстарын жалғастыру және тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру бағытындағы жұмыстарға басымдық берілетінін атап өтті.
Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

















