» » «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» - «ТАЗА БОЛАШАҚ»

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» - «ТАЗА БОЛАШАҚ»


Аудан әкімі Жандос Еркінбектің тапсырмасына сәйкес «Таза Қазақстан» акциясы аясында аудан көлеміндегі барлық елді мекендерде тазалық жұмыстары ұйымдастырылып, қоғамдық орындар мен көшелердің санитарлық жағдайына ерекше көңіл бөлінуде.

Ауданға қарасты 2 кент және 12 ауылдық округте орталық көшелер, саябақтар мен аллеялар, балалар ойын алаңдары, әлеуметтік нысандардың аумақтары және басқа да қоғамдық орындар ретке келтірілді. Сонымен қатар тұрмыстық қалдықтар шығарылып, арам шөптер шабылып, ағаштарды күтіп ұстау жұмыстары жүргізілуде.

Тазалық шараларына бөлім, мекеме қызметкерлерімен қатар білім беру ұйымдарының ұжымдары, жастар, еріктілер және ауыл тұрғындары белсенді атсалысып, өз елді мекендерінің көркеюіне үлес қосуда.

Тұрғындарға қолайлы әрі көрікті орта қалыптастыру мақсатында өткізілетін жұмыс алдағы уақытта да жалғасын табады.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

08 тамыз 2026 ж. 174 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№84 (10552)

07 қараша 2026 ж.

№83 (10551)

03 қараша 2026 ж.

№82 (10550)

29 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 269
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 426

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30