» » ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК!

ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК!


Қармақшы аудандық ауруханасында 2025–2027 жылдарға арналған «Халықаралық еңбек қорғау күні» іс-шаралары жоспарына сәйкес еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау мәселелеріне арналған түсіндіру жұмыстары өткізілді.

Іс-шара барысында медицина қызметкерлеріне қауіпсіз еңбек мәдениетін қалыптастыру, өндірістік жарақаттанудың алдын алу, еңбек жағдайларын жақсарту және қызметкерлердің денсаулығын сақтау бағытында жан-жақты ақпарат берілді.

Кездесу барысында:
еңбек қауіпсіздігі талаптарын сақтау;
өндірістік жарақаттардың алдын алу;
міндетті медициналық тексерулердің маңыздылығы;
жұмыс орнындағы қауіп-қатерлерді азайту жолдары түсіндірілді.

«Нөлдік жарақаттану» тұжырымдамасы – әрбір қызметкердің өмірі мен денсаулығының басты құндылық екенін көрсететін маңызды қағидат. Қауіпсіз еңбек ортасын қалыптастыру – әрбір ұжым мүшесінің ортақ міндеті.

Қармақшы аудандық ауруханасы қызметкерлердің қауіпсіздігі мен денсаулығын қорғауға бағытталған іс-шараларды тұрақты түрде жалғастыра береді.

04 тамыз 2026 ж. 247 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№84 (10552)

07 қараша 2026 ж.

№83 (10551)

03 қараша 2026 ж.

№82 (10550)

29 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 269
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 426

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30