Құрылтай
» » САПАЛЫ ҚЫЗМЕТ СЕНІМГЕ ЖЕТЕЛЕЙДІ

САПАЛЫ ҚЫЗМЕТ СЕНІМГЕ ЖЕТЕЛЕЙДІ

Сейсенбі күні "Руханият орталығында" бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің қатысуымен кезекті баспасөз брифингі өтті. Бұл жолғы брифингте электр торабы және аудандық денсаулық сақтау салаларының басшылары осы жылдың бірінші жартыжылдығында атқарылған жұмыстары бойынша есеп берді.
Брифингте алдымен сөз алған аудандық электр тарату торабы мекемесі басшысының міндетін атқарушы Тұрсынбай Кенбаев 6 айда атқарылған жұмыстардың қорытындысын баяндап, электрмен жабдықтау жүйесінің сенімділігін арттыру бағытында ақпараттар берді. Оның айтуынша, биыл күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарына жалпы 26,9 миллион теңге бөлініп, 35 кВ, 10 кВ және 0,4 кВ әуе желілерін жаңарту, бетон бағаналарды ауыстыру, қосалқы стансалардың жабдықтарын жаңғырту, сонымен қатар, электр желілерін күтіп ұстау және ақауларды жою жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізілуде.
Тұтынушыларды үздіксіз электр энергиясымен қамтамасыз етуде жұмыстар жасалып, әуе желілері тал бұтақтарынан тазартылып, қосалқы стансалардың оқшаулағыштары шаң-тозаңнан тазалануда, – деді мекеме басшысының міндетін атқарушы.
«Руханият орталығында» өткен кезекті брифингке аудандық аурухананың бас дәрігері Бақытжан Нысанбаев келіп кірді. Ол ауданда сала бойынша осы жылдың 6 айында атқарылған жұмыстар туралы есебін берді. Аудан тұрғындарына сапалы медициналық қызмет көрсетуде 135 орындық аудандық аурухана, 250 орындық қабылдауы бар аудандық емхана, «Шипагер» емханасы, 6 дәрігерлік амбулатория, 4 фельдшерлік акушерлік пункт және 6 медициналық бекет кіреді.
– Күндізгі стационарда 807 науқас емделсе, емхананың күндізгі емдеу стационарында 2603 науқас ем қабылдады. Емхана қызметіне келер болсақ, бірінші жартыжылдықта 106813 тұрғын дәрігер қабылдауында болса, үй жағдайында тұрғындарға қызмет көрсету 13525 болып, өткен кезеңмен салыстырғанда 468 шақыруға көбейген. Тұрғындар арасындағы аурушаңдыққа тоқталар болсақ, 19401 науқас тіркеліп, салыстырмалы түрде қарағанда 538-ге азайған. Оның ішінде қан айналым жүйесі І, тыныс алу жүйесі ІІ және жүйке жүйесі аурулары ІІІ орында. Балалар арасындағы сырқаттылық өткен жылы 6 айлықта 4967 болып тіркелсе, осы жылы 4403. Жасөспірімдер арасында былтырғы 6 айлықта 1010 аурушаңдық нақтыланса, биыл 979-ды құраған. Сондай-ақ ересектер арасында 2025 жылдың есепті кезеңінде 13962 болса, 2026 жылы 14019 сырқаттылық анықталып отыр, – деді бас дәрігер.
Брифингте спикер денсаулық саласында қызмет етіп жатқан медициналық қызметкерлердің контингентіне де назар аударды.
– Бүгінде салада 702 қызметкер жұмыс істейді. Оның 73-і дәрігер, 378-і орта, 123-і кіші буын медицина және 28 басқа да қызметкерлерді құрайды. Дәрігерлермен қамтылу көрсеткіші 75 пайызды көрсетсе, орта буын қызметкерлерімен қамтылуы 100 пайыз. Халыққа қызмет көрсетуде акушер-гинеколог, хирург, онколог, психиатр, УЗИ, тері аурулары, рентген, уролог секілді дәрігер мамандарға тапшылық бар.
Мемлекетіміздің әркез назарынан тыс қалмайтын мәселенің бірі – ана мен баланың денсаулығы. Бұл тұрғыда ана мен бала денсаулығын сақтауда былтырғы 6 айлықта 300 сәби дүниеге келсе, осы жылдың кезеңімен салыстырғанда 229 сәби туылып, туу көрсеткіші 71 сәбиге азайған. Акушерлік-гинекологиялық көмек көрсетуде ауданда осы жылдың 6 айында 14743 (15077) әйел тіркелген, оның 5770 (5957) туу жасындағылар. Сала қызметкерлерінің өз ісіне жауапкершілікпен қарағаны және аурудың алдын алу жұмыстарының нәтижесінде өткен және осы жылдың 6 айлық мерзімінде де ана өлімі тіркелмеді.
Туберкулезге қарсы шараларды, оның ішінде ем нәтижелілігін арттыру мақсатында «Жол картасы» бағдарламасы аясында амбулаторлық емдегі науқастарға 2026 жылға 10 млн 380 мың теңге қаржылай көмек қаралып, 6 айда 28 науқасқа 5 млн 363 мың теңге қаржылай көмек көрсетілді, игерілуі 51,6 пайыз.
2025 жылдың 6 айында 7 науқас жаңадан тіркеліп, аурушаңдық 22,1 пайыз болса, осы жылдың 6 айында 5 науқас туберкулездің жаңа жағдайымен тіркеліп, аурушаңдық 16,4 пайыз болып отыр. Яғни былтырмен салыстырғанда төмендегені байқалады. 2026 жылдың 6 айында туберкулездің асқынған түрімен науқас тіркелген жоқ. Балалар арасындағы туберкулездің алдын алуда осы жылдың бірінші жартыжылдығына манту сынамасына 3017 бала жоспарланса, 2853 балаға сынама жасалып, орындалуы 94,6 пайызды құрады. Туберкулинге оң мәнді болып тексерілуге тиісті 698 баланың 693-і тексерілген, 99,3 пайыз. 83 бала вираж диагнозымен есепке алынды. 2026 жылдың 6 айында туберкулезбен ауырған бала жоқ. Жасөспірімдер арасында да биыл туберкулезбен ауырғандар тіркелген жоқ, – деді спикер.
2026 жылдың 6 айында мүгедектер медициналық-әлеуметтік сараптамалық комиссиядан 6 рет өткізілген. 6 айда 127 науқас өтсе, оның ішінде 96-75,5 пайызы қайталап өткендер. Бірінші рет өткендер 31-24,4 пайыз. Ер адамдар 78-61,4 пайыз болса, әйел кісілер 49-38,5 пайыз.
Мүгедектерді жеке оңалту бағдарламасының медициналық саласы бойынша жүргізілген жұмыстарда биылғы жылдың 6 айында 155 мүгедек ауруханада ем алса, оның ішінде күндізгі емдеу бөлімінде ем алғандар саны 65, үй жағдайында ем алғандары 10, аудандық ауруханада емделгені 70 науқас. Сонымен қатар ОМО-та емделгендер саны 5, Алматы қаласында емделгендер 2, арнайы ауруханаларда ем алғандар 3, мүгедектерді оңалту орталығынан ем алғандары 78.
Жиында МӘМС бойынша атқарылған жұмыстар да аталып өтілді. Аудандық аурухананың барлық қызметкері, оның ішінде бас дәрігер мен оның орынбасарлары, бөлім меңгерушілері, дәрігерлер, орта буын мамандары арасында семинар сабақтар өткізіліп, барлық қызметкер онлайн тест тапсырып, біліктіліктерін жетілдірген.
Бұдан бөлек, аурухана ғимаратында орналасқан «Казпоштаның» терминалы арқылы тіркеу бөліміне келген немесе олардың арасында сақтандырылмаған азаматтарға түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, терминал арқылы сақтандырылуда. Аудандық аурухана бойынша МӘМС жүйесін енгізу барысында медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және МӘМС пакеттеріндегі қызмет түрлерін алу барысында туындаған кейбір кемшіліктер «Осы жерде және қазір» қағидасымен шешу мақсатында топ құрылып, жұмыс істеуде.
Брифингте Бақытжан Сағилатұлы скрининг, өңірлік ауруханаға жатқызу порталы, әлеуметтік саладағы атқарылған басқа да жұмыстар жөнінде хабардар етіп, алдағы уақытта да халықтың денсаулық, тұрмыс сапасын жақсартуда жүйелі жұмыстар атқарыла беретініне сенім білдірді.
Брифинг соңында спикерлер бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің сұрақтарына толыққанды жауап беріп, түсіндірмелер жасады.
Сәрсенкүл АҚКІСІ
01 тамыз 2026 ж. 53 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№57 (10525)

01 тамыз 2026 ж.

№56 (10524)

28 шілде 2026 ж.

№55 (10523)

25 шілде 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 576
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 041

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31