Құрылтай
» » ҚЫЗЫЛОРДАДА САЙЛАУШЫЛАР ОНЛАЙН ПЛАТФОРМА КӨМЕГІМЕН ӨЗ УЧАСКЕСІН ОҢАЙ ТАБА АЛАДЫ

ҚЫЗЫЛОРДАДА САЙЛАУШЫЛАР ОНЛАЙН ПЛАТФОРМА КӨМЕГІМЕН ӨЗ УЧАСКЕСІН ОҢАЙ ТАБА АЛАДЫ


23 тамыз күнгі Құрылтай сайлауы кезінде Қызылорда өңіріндегі дауыс беруші азаматтар өз учаскесін онлайн платформалар арқылы оңай таба алады. Ол үшін Қызылорда облысының аумақтық сайлау комиссиясы жергілікті әкімдікпен бірлесіп «Өзіңді сайлаушылар тізімінен тексер» атты сервисті іске қосты.

Онлайн платформа 3 бағытта жұмыс жасайды. Алғашқысы – saylau.orda.gov.kz сайты. Мұнда сайлаушылар өзіңді табу жолағына ЖСН енгізе отырып, тіркелген жері бойынша дауыс беру учаскесін таба алады.

Сайт автоматты түрде сайлау учаскесінің нөмірін, оның мекен-жайын, байланыс телефонын және комиссия құрамын көрсетеді.
Сонымен қатар, сайлаушылар өз учаскесіне бару сызбасын көре алады. Мұнан бөлек платформада есептен шығару куәлігін алу тәртібі және сall-орталықтармен байланыс жасау жолдары көрсетілген.

Сервисте 109 бірыңғай байланыс орталығына сұрақтар қою және қоңыраулар географиясын көруге мүмкіндік бар.
Сайлаушылар онлайн платформада жасанды интеллект көмегімен жасалған «Daryn AI» атты робот көмекшіні де қолдана алады. Ол сайлауға қатысты бірқатар сауалдарға жауап береді.

Аталған платформа телеграм-ботында да қолжетімді. Тұрғындар бұл сервистерді Smart Qyzylorda мобильді қосымшасын жүктеп алу арқылы да ала алады.

Айта кетейік, Қызылорда облысында 386 учаскелік сайлау комиссиясы бар. Мұнда 2720 комиссия мүшесі қызмет атқармақ.
Күнтізбелік жоспарға сәйкес, өңірдегі барлық учаскелер 3 тамыздан бастап өз жұмысына кіріседі. Ал, 7 тамыздан бастап азаматтар учаскеге келіп есептен шығару куәліктерін алуға құқылы.
30 шілде 2026 ж. 57 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№56 (10524)

28 шілде 2026 ж.

№55 (10523)

25 шілде 2026 ж.

№54 (10522)

21 шілде 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 566
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 030

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031