» » «Жаңа жол» республикалық профилактикалық акциясы жалғасуда

«Жаңа жол» республикалық профилактикалық акциясы жалғасуда

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру мақсатында 2026 жылғы 13–30 шілде аралығында Қызылорда облысының аумағында «Жаңа жол» республикалық профилактикалық акциясы өткізілуде.

Акцияның негізгі мақсаты – бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету, оларды қоғамға қайта бейімдеу, тұрақты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және қайталама құқық бұзушылықтардың алдын алу.

Іс-шараны тиімді ұйымдастыру мақсатында ішкі істер органдары, пробация қызметі, денсаулық сақтау ұйымдары және жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар органдарының қатысуымен бірлескен жұмыс тобы құрылды. Жоспарға сәйкес есепте тұрған азаматтардың тұрғылықты мекенжайлары тексеріліп, олардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы зерделенуде.

Акция аясындағы басым бағыттардың бірі – азаматтарды еңбекке тарту. Осыған байланысты учаскелік полиция инспекторлары есепте тұрған азаматтарды жұмыспен қамту органдарына тікелей жеткізіп, оларға бос жұмыс орындары ұсынылып, жұмысқа орналасу бойынша қажетті бағыт-бағдар берілуде.

Акцияның алғашқы 12 күнінің қорытындысы бойынша Қызылорда қаласы Полиция басқармасы мен аудандық полиция бөлімдерінің ұйымдастыруымен 86 азамат Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына жолданып, оларға қолда бар бос жұмыс орындары ұсынылды.

Осындай кешенді шаралар азаматтардың қоғамға бейімделуіне, тұрақты жұмыспен қамтылуына және құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған.
29 шілде 2026 ж. 123 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 (10547)

16 қазан 2026 ж.

№78 (10546)

13 қазан 2026 ж.

№77 (10545)

10 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 073
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 284

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031