Пробация есебіндегі азаматтар арасында дойбыдан жарыс өтті
«Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру мақсатында Жаңақорған аудандық пробация қызметі мен Жаңақорған аудандық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен пробация есебінде тұрған азаматтардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға, салауатты өмір салтын насихаттауға және әлеуметтік бейімделуіне қолдау көрсету мақсатында дойбыдан өзара жарыс өткізілді.
Аталған іс-шараның басты мақсаты – есепте тұрған азаматтардың логикалық ойлау қабілетін дамыту, қоғамға бейімделуіне оң ықпал ету болды. Жарыс барысында қатысушылар іс-шараға белсенділік танытып, тартысты әрі қызықты ойын өрнегін көрсетті.
Жарыс қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен қатысушыларға алғыс хаттар табысталды.
Іс-шара барысында Жаңақорған аудандық пробация қызметінің инспекторы, әділет капитаны Самат Құрымбетов қатысушыларға мұндай тәрбиелік маңызы зор шаралардың алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасатынын атап өтті.
Өз сөзінде әділет капитаны Самаи Құрымбетов:
«Пробация қызметінің негізгі міндеттерінің бірі – есепте тұрған азаматтардың қайта құқық бұзушылыққа жол бермеуіне ықпал ету және олардың қоғамға бейімделуіне жағдай жасау. Осындай спорттық іс-шаралар азаматтардың бос уақытын тиімді өткізуіне, жауапкершілік сезімін қалыптастыруына және заңға құрметпен қарауына оң әсер етеді. “Заң мен тәртіп” қағидатын жүзеге асыру – баршамыздың ортақ міндетіміз», – деді.
#ЗАҢМЕНТӘРТІП
#ҚЫЗЫЛОРДА















