» » Үкімет Қазақстанның жаңа спутник жүйесіне миллиардтаған қаржы бөлді

Үкімет Қазақстанның жаңа спутник жүйесіне миллиардтаған қаржы бөлді

Фото: depositphotos.com
Үкімет жаңа KazSat-3R ғарыш байланыс жүйесін құруға 10,4 млрд теңгеден аса қаражат бөлді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жоба ұлттық спутник байланыс жүйесі мен телекоммуникация саласын дамытуға бағытталған. Премьер-министр Олжас Бектенов тиісті қаулыға қол қойды.
Бөлінген қаражат қолданыстағы KazSat-3 аппаратын алмастыратын жаңа KazSat-3R спутник байланыс жүйесін жасауға жұмсалады. KazSat-3-ті пайдалану мерзімі 2029 жылы аяқталады.
"Жаңа аппарат ұлттық спутник байланыс жүйесінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз етеді. Жобаны жүзеге асыру спутник байланыс желілері мен телерадио хабар тарату жүйесінің тұрақты жұмысын қамтамасыз етіп, халық аз қоныстанған және шалғай елді мекендерде интернетке қолжетімділікті кеңейтуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, ақпараттық қауіпсіздік деңгейі артады", - деп жазылған хабарламада.
Айта кетейік, қазір KazSat ғарыш байланыс жүйесінің мүмкіндіктерін еліміздің ірі байланыс операторлары мен мемлекеттік құрылымдар пайдаланады. Жүйе арқылы телерадио хабар тарату, дерек жеткізу, мобильді байланыс және интернет қызметі көрсетіледі. Жүйеге 19 байланыс операторы қосылған және телехабар тарату қызметін 2 миллионнан аса абонент пайдаланады. 
24 шілде 2026 ж. 108 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№71 (10539)

18 қыркүйек 2026 ж.

№70 (10538)

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 (10537)

12 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 878
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 131

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930