Құрылтай
» » Қармақшы ауданында «Сыр даласында – көне есімдердің сыры» атты тарихи-танымдық экспедициясы

Қармақшы ауданында «Сыр даласында – көне есімдердің сыры» атты тарихи-танымдық экспедициясы


2026 жылдың 21 шілдесі күні «Руханият» орталығында Қазақстан ономаст ғалымдарының қоғамдық бірлестігі «Ономастар одағы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі ономастика басқармасымен бірлескен «Тарихи-диахрондық әдісті қолдану арқылы ономастикалық атауларды жүйелендіру қызметі» жобасы аясында «Сыр даласында – көне есімдердің сыры» атты тарихи-танымдық ғылыми экспидициясы ауданымызға арнайы іссапармен келді.
Бұл жобаның басты мақсаты – Қазақстан Республикасының ономастикалық кеңістігін тарихи-диахрондық әдіс негізінде кешенді зерттеу арқылы ғылыми тұрғыдан жүйелеу, тарихи жер-су атауларын толыққанды ғылыми айналымға енгізу және ономастикалық қызметті заманауи цифрлық инфрақұрылым негізінде жетілдіру болып табылады.
Ғылыми-зерттеу тобының жоба жетекшісі, филология ғылымдарының кандидаты, профессор Бекенова Гүлнар Шияпқызы және топ мүшелері, география ғылымдарының PhD докторы Зинабдин Нұрлыбек Бердібекұлы, топ мүшесі Дильназ Касимова және облыстық қоғамдық даму басқармасының Тілдерді дамыту және ономастика бөлімінің бас маманы, осы ономастика саласының білікті маманы Ләззат Жұмаханқызы келіп облыстың елді мекендерін аралап, жергілікті тұрғындармен, өлкетанушылармен, көнекөз қариялармен кездесіп, сұхбат алып, жер-су атауларының тарихын ғылыми тұрғыдан зерттеу жұмыстарын жүргізетіндіктерін жеткізді.
Және де облыстық қоғамдық даму басқармасының тілдерді дамыту, ономастика және этносаралық қатынастар мәселелері жөніндегі бөлімінің бас маманы бас маманы Ләззат Жұмаханқызы «Мемлекеттік тіл саясаты және ономастика мәселелері» тақырыбында хабарлама жасап, Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру аясында және «Тіл туралы» Заң талаптарының сақталуын қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарға тоқталды. Және де тілдегі түйіткілдерді түзеу, деректемелер мен көрнекі ақпараттың сауаттылығын арттыру, елді мекен, көше атауларының тарихи атауларын зерттеу, ономастика саласындағы жұмыстарға жауапкершілікпен қарап, жүйелі жұмыстарды жүргізуге шақырды.
Жиынға аудан ардагерлерлері, кент, ауылдық округтегі және бөлімдегі тіл саясатын іске асыру, ономастика және көрнекі ақпарат мәселелеріне жауапты мамандар, үкіметтік емес ұйымдар, өлкетанушылар, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысып, ұсыныс пікірлерін білдірді.

22 шілде 2026 ж. 33 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№54 (10522)

21 шілде 2026 ж.

№53 (10521)

18 шілде 2026 ж.

№52 (10520)

14 шілде 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 509
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 997

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031