Құрылтай
» » Нұртөре Жүсіп: Қазақтан да Илон Маск шығады

Нұртөре Жүсіп: Қазақтан да Илон Маск шығады

Фото: Ашық дереккөз
Белгілі қоғам қайраткері Нұртөре Жүсіп жастарға шабыт беретін тұлғалар туралы еңбектерді көбейтіп, ғылым мен технология саласында жетістікке жеткен азаматтарды кеңінен насихаттау қажет екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оның пікірінше, әлемге жаңашылдығымен танылған Илон Масктың табыс жолын зерттеу маңызды болғанымен, Қазақстаннан да ауқымды ойлайтын, ғылым мен технологияда серпіліс жасайтын тұлғаларды танытуға басымдық берілуі тиіс.
Сонымен қатар ол бұл жұмыстар тек кітап жазумен шектелмелмей, деректі фильмдер, сериалдар мен білім беру жобалары да көбірек жасалуы қажет екенін айтты.
«Адам армандап, қиялдай білуі керек. Мысалы, қазір бір ғана Илон Масктың өзін алып қараңызшы. Осыдан 5-6, 10 жыл бұрын электрокарлар, болмаса Марсқа ғарыш кемесін ұшырып, зерттейді деп кім ойлады?! Маск адамзат көшінде бір өзінің жасаған идеясына жақында ғана 76 млрд доллар инвестиция құйып отыр. Айтқан сөзіне, оның ұсынған жобасына Америка, Қытай қолдау білдіріп келеді. Қазір ғарышты, Айды игеруге де әлем елдері, адамзат баласы қызығушылық танытып отыр», деп атап өтті Нұртөре Жүсіп.
Қоғам қайраткері Қазақстанның бұл бағытта зор әлеуетке ие екенін де атап өтті.
«Біздің Байқоңырымыз тұр. Ғарыш саласын оқып, зерттеп жүрген жастарымыз да баршылық. Қазір қазақ мойнын бұруы керек. Өйткені, ертең технологиясына ие болып, ашық тұрған кеңістіктерді меңгеріп, қазақ ұлты кіруі керек», деді Нұртөре Жүсіп.
17 шілде 2026 ж. 46 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№52 (10520)

14 шілде 2026 ж.

№51 (10519)

09 шілде 2026 ж.

№50 (10518)

04 шілде 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 483
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 975

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031