» » Илон Маск АҚШ-тың болашақ президенті кім болатынын айтты

Илон Маск АҚШ-тың болашақ президенті кім болатынын айтты

Фото: Ашық дереккөз
Илон Маск алдағы 12 жылда АҚШ-ты әлі де Дональд Трамп пен вице-президент Джей Ди Вэнс басқаруы мүмкін екенін айтты. Оның сөзінше, бұл АҚШ-тың «ұлы 12 жылдық кезеңінің» бастауы болуы мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz.
Politico басылымының мәліметінше, бұл туралы Илон Маск АҚШ-тың мемлекеттік тиімділік департаментінің бұрынғы қызметкерлерімен өткен онлайн кездесуінде айтқан. Кездесу 22 қарашада Техас штатының Бастроп қаласында өткен. Оған И.Маск белгісіз әрі қараңғы жерден онлайн қосылған. Ол өзінің бұл әрекетін қауіпсіздік себептерімен түсіндірген.
Сонымен қатар, И.Маск алдағы12 жылда АҚШ-ты әлі де Дональд Трамп пен вице-президент Джей Ди Вэнс басқаруы мүмкін екенін айтқан. 
Кездесуге қатысушылардың бір бөлігі Масктың жиынға онлайн қатысқанын көңілсіз қабылдаған. Олар кәсіпкерді іс-шарада жеке көргісі келгенін жеткізген.
Бұған дейін Илон Маск бес жылдан кейін смартфондар жойылатынын болжап, жасанды интеллект адамның қалауын алдын ала түсінетін деңгейге жететінін айтқан еді.
04 желтоқсан 2025 ж. 202 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№35 (10503)

13 мамыр 2026 ж.

№34 (10502)

09 мамыр 2026 ж.

№33 (10501)

05 мамыр 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 091
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 682

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031