» » Әлемдегі ең бай адам: Илон Масктың дәулеті 800 млрд доллардан асты

Әлемдегі ең бай адам: Илон Масктың дәулеті 800 млрд доллардан асты

Фото: Kapital.kz
Әлемдік бизнес тарихында бұрын-соңды болмаған көрсеткіш тіркелді. SpaceX пен xAI компанияларының бірігуінен кейін америкалық кәсіпкер Илон Масктың байлығы 800 млрд доллардан асты. Бұл туралы ақпаратты Forbes басылымы таратты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Миллиардтарды еселеген мәміле
Forbes бағалауынша, SpaceX пен жасанды интеллект саласында жұмыс істейтін xAI компаниясының бірігуі Илон Масктың дәулетін бірден 84 млрд долларға ұлғайтқан. Соның нәтижесінде оның байлығы 852 млрд долларға жетіп, Маск адамзат тарихында мұндай межеден асқан алғашқы тұлға атанды. Біріккен компанияның нарықтық құны 1,25 трлн доллар деп бағаланып отыр.
Мәмілеге дейін Маск SpaceX акцияларының шамамен 42 %-ына (336 млрд доллар) және xAI акцияларының 49 %-ына (122 млрд доллар) ие болған. Бірігу нәтижесінде SpaceX 1 трлн, ал xAI 250 млрд доллар деп бағаланып, кәсіпкер біріккен құрылымның 43%-ын бақылауда ұстап отыр. Бұл үлестің құны 542 млрд долларға тең.
Негізгі активтер және болашақ әлеует
SpaceX бүгінде Илон Масктың ең қымбат активіне айналды. Сонымен қатар оның иелігінде Tesla компаниясының 12% акциясы бар, оның нарықтық құны шамамен 178 млрд долларды құрайды. Бұған қоса, Масктың 124 млрд доллар көлемінде опциондары бар. Бұл есепке Tesla-дағы рекордтық сыйақы пакеті кірмеген. Егер компания алға қойған мақсаттарына жетсе, аталған сыйақы кәсіпкерге 1 трлн долларға дейін акция әкелуі мүмкін.
Бұл Илон Маск үшін соңғы бір жылдағы екінші ауқымды корпоративтік бірігу болып отыр. 2025 жылдың наурыз айында ол xAI мен X платформасын (бұрынғы Twitter) біріктірген еді. Ол кезде xAI 80 млрд, ал X 33 млрд доллар деп бағаланған.
Әлемдік байлық теңгеріміндегі өзгеріс
Айта кетейік, Oxfam қайырымдылық ұйымының есебіне сәйкес, 2025 жылы әлемдегі долларлық миллиардерлердің жиынтық байлығы 16%-ға өскен. Бұл соңғы 5 жылдағы орташа жылдық өсімнен 3 есе жоғары көрсеткіш. Өткен жылы миллиардерлер саны алғаш рет 3000-нан асты. Ал Илон Маск бұған дейін-ақ тарихта байлығы 500 млрд долларға жеткен алғашқы адам ретінде тіркелген.
Сарапшылар Масктың жаңа рекордын технологиялық трансформация мен капиталдың шоғырлану үрдісінің айқын көрінісі деп бағалап отыр.
05 ақпан 2026 ж. 116 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

№21 (10488)

23 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 753
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

АБЫРОЙ ЕҢБЕКПЕН КЕЛЕДІ
28 наурыз 2026 ж. 116

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 478

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930