Құрылтай
» » Жаңа қызметке тағайындалды

Жаңа қызметке тағайындалды


2026 жылғы 12 шілде күні өткізілген Т.КӨМЕКБАЕВ ауылдық округі әкімінің сайлауы қорытындысымен Т.КӨМЕКБАЕВ ауылдық округі әкімі лауазымына Әбдиев Бахытжан Жүргенұлы сайланды.

Бахытжан Жүргенұлы 1984 жылы Т.Көмекбаев ауылында дүниеге келген.

2001-2005 жылдары Қорқыт ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік университетінің «Тарих жəне құқық» факультетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.

Алғаш еңбек жолын 2006-2007 жылдары «Компания НС» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің заңгері болып бастаған.

2007-2008 жылдары «Келешек Б» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде техника қауіпсіздігі инженері.

2009-2014 жылдары Белкөл кенті əкімінің аппаратында жетекші маман заңгер, заң кеңесшісі.

2014-2023 жылдары Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде заң тобының бас маманы қызметтерін атқарған.

2023 жылдан осы кезге дейін Қызылорда облыстық адвокаттар алқасының адвокаты қызметін абыроймен атқарып келді.
14 шілде 2026 ж. 326 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№62 (10530)

17 тамыз 2026 ж.

№61 (10529)

15 тамыз 2026 ж.

№60 (10528)

11 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 700
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 145

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31