Құрылтай
» » ҚАРМАҚШЫ АУДАНЫНДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНЫҢ ДАМУ ҚАРҚЫНЫ САҚТАЛУДА

ҚАРМАҚШЫ АУДАНЫНДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНЫҢ ДАМУ ҚАРҚЫНЫ САҚТАЛУДА


Қармақшы ауданында ауыл шаруашылығы саласын дамыту бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда. Бұл туралы аудан әкімі Жандос Еркінбек Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз брифингінде баяндады.

Брифинг барысында аудан басшысы ауыл шаруашылығы аудан экономикасының негізгі салаларының бірі екенін атап өтіп, атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы жоспарларға тоқталды.

– Ауыл шаруашылығы – аудан экономикасының басты қозғаушы күштерінің бірі. Сондықтан егін шаруашылығын әртараптандыруға, су ресурстарын тиімді пайдалануға және ауыл шаруашылығы өндірісінің өнімділігін арттыруға ерекше мән беріп келеміз. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да кезең-кезеңімен жалғасады, – деді аудан әкімі.

2026 жылы ауданда жалпы көлемі 24 788 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылды. Оның ішінде 11 449 гектары күріш болса, биыл алғаш рет 733 гектар алқапқа дәндік жүгері егілді.

Сонымен қатар, елді мекен тұрғындарын бақша өнімдерімен қамтамасыз ету мақсатында 960 отбасыға 420 гектар жер бөлініп, қосалқы шаруашылықты дамытуға қолдау көрсетілді.

Биыл Қармақшы ауданына 522,3 млн текше метр су лимиті бекітілген. Бүгінгі күнге дейін егістік алқаптарына 311,2 млн текше метр су жеткізіліп, бұл жоспардың 59,5 пайызын құрады. Алдағы кезеңде тағы 211,1 млн текше метр су алу жоспарланып отыр.

Ауыл шаруашылығымен қатар мал шаруашылығы саласында да оң көрсеткіштер қалыптасуда. 2026 жылдың қаңтар–мамыр айларының қорытындысы бойынша ауданда барлық түлік мал басының өсімі қамтамасыз етілді.

Брифингте су ресурстарын тиімді пайдалану және ирригациялық инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстарына ерекше назар аударылды. Су үнемдеу технологияларын енгізу мақсатында жалпы ұзындығы 88,5 шақырымды құрайтын 12 каналды бетондау бойынша жобалық-сметалық құжаттар әзірленуде. Жобалардың жалпы құны 26,7 млн теңгені құрайды.

Сондай-ақ, Т.Көмекбаев ауылдық округінің «Қарақ» учаскесіндегі 5 көзді гидротехникалық құрылысқа 19,5 млн теңгеге жөндеу жұмыстары жүргізіліп, қазіргі таңда су тоспасы қалыпты режимде жұмыс істеуде.

Ал Иіркөл ауылдық округіне қарасты «Жапалақ» каналының 4,5 шақырым бөлігіне 7,0 млн теңге көлемінде механикалық тазалау жұмыстары жүргізілуде.

Аудан әкімі егін орағының нәтижесіне қарай су тұтынуы төмен ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс көлемін кезең-кезеңімен ұлғайту жоспарланып отырғанын атап өтіп, су ресурстарын тиімді пайдалану мен ауыл шаруашылығы өндірісінің тұрақты дамуын қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасатынын жеткізді.

13 шілде 2026 ж. 41 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№51 (10519)

09 шілде 2026 ж.

№50 (10518)

04 шілде 2026 ж.

№49 (10517)

30 маусым 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 458
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 958

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031