» » Білім грантына өтінімді eGov арқылы қалай береді?

Білім грантына өтінімді eGov арқылы қалай береді?

Қазақстанда 13 шілдеден бастап білім беру гранттары конкурсына өтінім қабылдау басталады. Талапкерлер барлық қажетті құжатты eGov.kz порталы арқылы онлайн түрде 20 шілдеге дейін тапсыра алады, деп жазады Egemen.kz.
Өтінімді рәсімдеу үшін жеке кабинетке аттестаттың немесе дипломның цифрлық көшірмесін, 3х4 форматындағы фотосуретті, сондай-ақ ұшу мамандықтарына түсушілер үшін медициналық қорытындыны жүктеу қажет. Сонымен қатар портал арқылы әлеуметтік қолдау шараларын алу үшін ерекше мәртебені растауға да мүмкіндік қарастырылған.
Жүйеге түсетін жүктемені азайту мақсатында электрондық кезек пен 1414 нөмірінен SMS-хабарлама жіберу қызметі енгізілді. Бұл талапкерлерге өтінім беру уақытының жақындағаны туралы алдын ала ескерту жасайды.
Гранттар конкурсының нәтижелері мен грант тағайындалғаны туралы электрондық куәліктер талапкерлердің жеке кабинеттерінде 10 тамыздан кешіктірілмей қолжетімді болады.
11 шілде 2026 ж. 241 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№83 (10551)

03 қараша 2026 ж.

№82 (10550)

29 қазан 2026 ж.

№81 (10549)

24 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 269
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 426

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30