» » ЕGov мобильді қосымшасында жаңа қызмет пайда болды

ЕGov мобильді қосымшасында жаңа қызмет пайда болды

Енді білім туралы құжаттарды тану қызметі eGov Mobile мобильді қосымшасында да қолжетімді. Бұл азаматтарға орта және арнаулы орта білім туралы құжаттардың түпнұсқалығын тікелей мобильді құрылғы арқылы растауға мүмкіндік береді. Бұған дейін бұл қызмет eGov.kz порталында қолжетімді болатын, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Ұлттық ақпараттық технологиялар" баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сондай-ақ бұл қызмет жоғалған құжаттардың көшірмелерін алу және шетелде білім алғанын растау процесін айтарлықтай жеңілдетеді. Бұл арқылы пайдаланушылар бұрын алынған білім туралы құжаттардың түпнұсқалығын тану туралы куәлікті тез және ыңғайлы түрде рәсімдей алады, жоғалған құжатты қалпына келтіре алады немесе шетелдік білімін растай алады.
Қызметті алу үшін:
  • eGov mobile қосымшасына кіріп, "Қызметтер" - "Білім" бөліміне өту керек;
  • "Орта, техникалық және кәсіби, арнаулы орта білім туралы құжаттарды тану" қызметін таңдау қажет;
  • қажетті өрістерді толтырып, құжаттарды тіркеу және жеке деректерді пайдалануға келісім беру керек;
  • Face ID/Touch ID арқылы өтінімді қол қою қажет.

Қолданушы өтінімнің нәтижелері мен мәртебесін қосымшадағы жеке кабинетте бақылай алады.
Қызмет Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік қызметтер комитеті, "Ұлттық ақпараттық технологиялар" және Оқу-ағарту министрлігі арасындағы ынтымақтастық аясында іске қосылған.
05 желтоқсан 2024 ж. 270 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№27 (10495)

14 сәуір 2026 ж.

№26 (10494)

11 сәуір 2026 ж.

№25 (10492)

07 сәуір 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 876
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 536

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930