» » Мемлекеттік туды пайдаланудың жаңа ережелері бекітілді

Мемлекеттік туды пайдаланудың жаңа ережелері бекітілді


Мемлекеттік туды жеке тұрғын үйлерге биіктігі 3 метрден кем емес жерде орнатуға болады.
ҚР Үкіметінде Мемлекеттік туды пайдалану шарттары бекітілді. Құжатта азаматтардың мемлекеттік рәмізді қалай орналастыра алатыны және оны қандай жағдайларда пайдалануға жол берілмейтіні жазылған.
Қаулыға сәйкес, Мемлекеттік туды жеке тұрғын үйлерге биіктігі 3 метрден кем емес жерде орнатуға болады. Бұл ретте тәуліктің қараңғы уақытында оны жарықтандыру міндетті емес.
Мемлекеттік рәміз жерге, еденге, суға немесе басқа да беттерге тиіп тұрмауы керек. Тігінен орналастырған кезде ұлттық ою-өрнек матаның жоғарғы бөлігінде болуы тиіс. Сондай-ақ, заңнама талаптары сақталған жағдайда, Мемлекеттік туды жеке және заңды тұлғалардың автокөлік салондарында пайдалануға рұқсат етіледі, – делінген құжатта.
Бұдан бөлек, мәдени, спорттық, қоғамдық және басқа да іс-шаралар кезінде туды коммерциялық мақсатта пайдалануға тыйым салынады. Сонымен қатар, ол таза, зақымдалмаған, кірлемеген, жыртылмаған, жамаусыз және басқа да ақауларсыз болуы керек.
Ережелерде мемлекеттік рәмізді қорлайтын немесе оның маңызын төмендететін кез келген әрекеттерге де тыйым салынған. Атап айтқанда, туды әдейі зақымдауға, жоюға, өртеуге, жыртуға, жерге тастауға немесе өз мақсатынан тыс пайдалануға болмайды.
Сонымен қатар, мемлекеттік туды жарнамада, сондай-ақ киім, төсек-орын жабдықтары, перделер, дастархандар, кілемшелер және басқа да жабындар ретінде пайдалануға жол берілмейді.


baq.kz
07 шілде 2026 ж. 167 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 (10547)

16 қазан 2026 ж.

№78 (10546)

13 қазан 2026 ж.

№77 (10545)

10 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 071
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 283

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031