» » Мемлекеттік туды конфет сыртында бейнелеуге болмайды – Ақтоты Райымқұлова

Мемлекеттік туды конфет сыртында бейнелеуге болмайды – Ақтоты Райымқұлова




ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова ҚР Мемлекеттік туын конфет сыртында бейнелеуге болмайтынын түсіндірді, деп хабарлайды kyzylorda-news.kz ақпарат агенттігі.
«Бүгінгі таңда ҚР Конституциялық заңына сәйкес, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы бейнесі өзге де материалдық нысандарда салынуы мүмкін. Алайда, бір рет пайдаланылатын заттар бұл материалдық нысандардың қатарына жатпайды. Сонымен бірге, Мемлекеттік ту ҚР №988-2007 ұлттық стандартын сақтай отырып жасалған және оны лицензиясы бар уәкілетті ұйымдар ғана жасай алады», – деп жауап берді министр Орталық коммуникациялар қызметінде конфет сыртындағы Мемлекеттік ту суреті туралы сұраққа.
Сонымен бірге, министр Мемлекеттік туды қолдануға болмайтын жайттарды айтып берді: адамға немесе затқа деген құрмет ретінде ту төмен түсірілмеуі керек; ту қандай да бір затқа, жерге немесе суға тимеуі керек. Сондай-ақ, тудың сабы көлденеңінен көтерілмейді. Тудың бүлінуі немесе кірленуі мүмкін жағдайда қоймау керек. Туға жазу жазуға немесе сурет салуға болмайды, ол киім немесе төсек-орын, шымылдық ретінде пайдаланылмайды. Қазақстан Республикасы атынан өнер көрсететін спортшылардың киімінде Мемлекеттік Тудың бейнесін пайдалану айрықша жағдай болып саналады.
07 желтоқсан 2020 ж. 306 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 061

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031