» » Қазақстанның бас мешітіне жаңа атау берілді

Қазақстанның бас мешітіне жаңа атау берілді


Жаңа атау ресми қолданысқа енгізілді
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы еліміздің бас республикалық мешітіне жаңа атау берілгенін хабарлады. Енді ол ресми түрде «Нұрсұлтан мешіті» деп аталады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

Жаңа атау ресми қолданысқа енгізілді

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының мәліметінше, 5 шілдеден бастап еліміздің бас республикалық мешітіне «Нұрсұлтан мешіті» атауы беріліп, ол ресми қолданысқа енгізілді.

Бас мешіттің рухани миссиясы сақталады

ҚМДБ мәліметінше, республикалық бас мешіт Астана тұрғындары үшін ғана емес, Қазақстандағы барша мұсылман қауымының ортақ рухани ордасы саналады.
«Мешіт халықтың бірлігін нығайтуға, бейбітшілік пен келісімді дәріптеуге, ізгілік пен мейірім құндылықтарын таратуға, сондай-ақ имандылыққа негізделген игі бастамаларды қолдауға қызмет етеді», – деп мәлімдеді басқарма.

Рухани құндылықтарды насихаттау жалғасады

ҚМДБ-ның хабарлауынша, жаңа атаумен бас мешіт қоғамдағы өзара құрмет пен ауызбіршілікті нығайтуға, дәстүрлі рухани құндылықтарды сақтауға және қайырымды бастамаларды дамытуға бағытталған қызметін жалғастыра береді.
06 шілде 2026 ж. 109 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№71 (10539)

18 қыркүйек 2026 ж.

№70 (10538)

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 (10537)

12 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 878
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 131

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930