» » ЕЛДІК МҮДДЕ ЖОЛЫНДАҒЫ МАҢЫЗДЫ КЕЗЕҢ

ЕЛДІК МҮДДЕ ЖОЛЫНДАҒЫ МАҢЫЗДЫ КЕЗЕҢ


Бүгін облыстық мәслихаттың кезекті XXXIV сессиясына қатысқан облыс әкімі Мұрат Ергешбаев күшіне енген жаңа Ата Заңда азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, заң үстемдігін қамтамасыз ету, әділетті қоғам құру басты мақсат ретінде белгіленгенін атап өтті.
«Жаңа Преамбулада байырғы қазақ жерінде мемлекеттілікті нығайта отырып, Ұлы Даланың мыңжылдық тарихи сабақтастығын сақтау басты қағидат ретінде бекітілген. Билік тармақтарының тепе-теңдігі нығайтылып, басқару жүйесі заман талабына сай жаңғыртылды.

Бұл – мемлекетіміздің тұғырын нығайтып, қоғамдық келісім мен тұрақтылықты сақтауға негіз болатын маңызды құжат. Мұның барлығы –Қазақстанды демократиялық, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде дамытуға бағытталған жүйелі қадамдар.
Жаңа Ата Заңымыз күшіне енгеннен кейін Президентіміз 23 тамызда Құрылтай сайлауын өткізу туралы Жарлыққа қол қойды. Ұлтымыздың тарихына алтын әріппен жазылатын саяси кезеңде баршаңызды елдік мүдде жолындағы маңызды іске белсенді қатысуға шақырамын», – деді Мұрат Нәлқожаұлы.

Жиында бірқатар азаматқа Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының жаңа Конституцияның күшіне енуіне орай жолдаған Құттықтау хаты және Конституцияның арнайы басылымы табыс етілді.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

05 шілде 2026 ж. 135 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 (10547)

16 қазан 2026 ж.

№78 (10546)

13 қазан 2026 ж.

№77 (10545)

10 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 071
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 283

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031