Конституция
» » Қазақстанда қай банктер ресми табыссыз ипотека береді?

Қазақстанда қай банктер ресми табыссыз ипотека береді?

Фото: gov.kz
Елімізде ипотека рәсімдеу кезінде банктердің басым бөлігі қарыз алушының ресми табысын талап етеді. Алайда кейбір қаржы ұйымдары ресми табысты растаусыз да ипотека рәсімдеуге мүмкіндік береді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазіргі таңда мұндай мүмкіндік ұсынатын банктер:
Altyn Bank – ресми табысты растау талап етілмейді. Бастапқы жарна – тұрғын үй құнының кемінде 50 пайызы, мөлшерлеме – жылдық 18 пайыздан басталады.
Bereke Bank – табысты банк шоттарындағы ақша айналымы мен үзінді көшірме арқылы жанама түрде растауға болады. Бастапқы жарна – 20 пайыздан, мөлшерлеме – 21,7 пайыздан басталады.
Банк Центр Кредит – «Депозит-кепілдік» рәсімделген жағдайда табыс туралы анықтамасыз ипотека береді. Бұл үшін депозитте тұрғын үй құнының кемінде 50 пайызы болуға тиіс.
Жанама табыс ретінде банк үзінділері, шоттағы ақша айналымы және жалға беруден түсетін кіріс есепке алынуы мүмкін.
Ал Halyk Bank, Freedom Bank Kazakhstan және Нұрбанк ипотека рәсімдеу кезінде ресми табыс пен зейнетақы аударымдарын міндетті түрде талап етеді.
Отбасы банкінде табыс стандартты тәртіппен тексеріледі. Дегенмен банкте үш жылдан астам уақыт жинақ жасап, бағалау көрсеткіші 16-ға жеткен кейбір салымшылар скорингтен өтпей-ақ несие ала алады.
Айта кетейік, 2027 жылдан бастап ипотека беру талаптарына өзгерістер енгізіледі. Банктер енді қарыз алушының жалпы берешегін оның табысымен салыстырып бағалайды. Яғни, азаматтың табысына сай келмейтін көлемде несие берілмейді. Сонымен қатар ипотеканың ең жоғары пайыздық мөлшерлемесі бастапқы жарна көлеміне байланысты болады. Мысалы, бастапқы жарна неғұрлым көп болса, пайыздық мөлшерлеме соғұрлым төмен болады.


29 маусым 2026 ж. 54 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№48 (10516)

27 маусым 2026 ж.

№47 (10515)

23 маусым 2026 ж.

№46 (10514)

20 маусым 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 381
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 905

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930