» » Ардагер журналист Жағыппар Қарабала жоғары мемлекеттік наградаға ие болды

Ардагер журналист Жағыппар Қарабала жоғары мемлекеттік наградаға ие болды

Фото: Ақорда
Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында Ақордада өткен салтанатты рәсімде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ақпарат саласының бірқатар өкілдерін мемлекеттік наградалармен марапаттады. Президент өз сөзінде журналистердің қоғамдағы маңызды рөлін атап өтіп, олардың мемлекеттік саясатты түсіндіру мен халық пен билік арасындағы сенімді нығайтудағы еңбегіне жоғары баға берді.
Мерейлі жиында белгілі тележурналист, «Qyzylorda» телеарнасының ардагері Жағыппар Аманжолұлы Қарабала «Парасат» орденімен наградталды.
Жағыппар Аманжолұлының еңбек жолы журналистикаға адалдықтың, кәсіби шеберліктің және туған өлкеге деген жанашырлықтың жарқын үлгісі саналады.
Көп жылдық тәжірибесі мен талапшылдығының арқасында жас журналистердің қалыптасуына ықпал етіп, Сыр өңірінде телевизия саласының кәсіби мектебін қалыптастырды. Бүгінде сол мектептен шыққан көптеген мамандар ақпарат кеңістігінде табысты еңбек етуде.
Кәсіби мереке қарсаңында жоғары марапатқа ие болған ардақты жерлесімізді шын жүректен құттықтаймыз. Деніне саулық, отбасына амандық, ұзақ ғұмыр және шығармашылық табыс тілейміз.
25 маусым 2026 ж. 150 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 789
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 075

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930