» » Сырдың басты арнасына – 30 жыл

Сырдың басты арнасына – 30 жыл

Тура осыдан 30 жыл бұрын аймақтың төл телеарнасы көрерменге жол тартты. Жедел әрі нақты ақпарат таратып, халық пен билік арасында алтын көпірге айналды.
Тәуелсіздікпен бірге түлеген төларна соңғы технологияның мүмкіндіктерін пайдалануда. Ертеңнен бастап, жаңа студиядан жаңалық таратып, бағдарламаларын көрерменге ұсынады.
- Облыстық телеарна біраз даму кезеңінен өтті. Технологияны жаңаладық, мамандардың кәсіби деңгейін шыңдадық. Мақтан тұтар шәкірттеріміз өте көп. Бүгінде біздің телеарна күніне 15 сағат ақпарат таратады. Оның ішінде төл өніміміз 63 пайызды құрайды. Бұл өте жақсы көрсеткіш. Айта кететін жайт, екі бейнеқабырға алынып, орнатылды. Бірі жаңалықтар шығарылымына, екіншісі – хабарлар үшін. Бұл өз кезегінде бейнекөрсетілім сапасы мен технологиялық тұрғыда сан түрлі арнайы эффектілерді қолдануға тамаша мүмкіндік беретін дүние, - деді «Qyzylorda» телеарнасының директоры Жағыппар Қарабала.
- «Qyzylorda» телеарнасының ақпарат алаңында алар орны бөлек. Бүгінде табыс түсіруден және сапалы ақпарат тарату, телебағдарлама даярлаудан аймақ ішінде алдыңғы орында. Көрермен қызығушылықпен көреді. Өзім түлеп ұшқан төларнаны мерейтойымен құттықтаймын. Әріптестеріме шығармашылық табыс тілеймін, - деді «Қазақстан» РТРК» АҚ аймақтық хабар таратуды дамыту департаментінің директоры Арсений Дүйсенов.



30 сәуір 2021 ж. 607 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 414
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 213

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930