«QYZYLORDA» телеарнасына 35 жыл: Ақпарат айдынындағы айтулы белес

«Мемлекет басшымыз Қасым-Жомарт Кемелұлы «Біз озық ойлы ұлт болуымыз қажет. Көш бастайтын елдердің қатарына қосылуымыз керек. Бір ел болып, жұдырықтай жұмылсақ, бұл мақсатымызға міндетті түрде жетеміз. Осы ортақ жұмысқа журналистер қауымы да зор үлес қосып жүр. Сіздерді реформаның қозғаушы күші деп айтуға болады», – деп атап өтті.
Аймағымыздың жетекші арнасы ел өміріндегі саяси маңызды оқиғалар туралы ақпаратты жылдам таратып, жағымды жаңалықтардың хабаршысы болуда. Телеарна эфирге шыққан 35 жыл ішінде халық шығармашылығын дамыту мен жергілікті музыкалық контентті қалыптастыруға айрықша басымдық берді.
Сыр өңірінің жылнамасын, Тәуелсіздік шежіресін қалыптастырудағы қажырлы еңбектеріңіз үшін Сіздерге зор ризашылығымды, алғысымды білдіремін. Ақпарат айдынында заман көшінен қалмай, жаңа медианы меңгеріп, елдікті сақтау, азаттықты баянды ету жолында абыройлы қызмет атқара бергейсіздер!», – деді Нұрлыбек Машбекұлы.
Кәсіби шеберлігі мен телевизия саласындағы қажырлы еңбегі үшін бірқатар азаматқа ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Еңбек ардагері», «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгілері, облыстың Құрмет Грамотасы, облыс әкімнің Алғыс хаты, «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы» акционерлік қоғамының Құрмет грамотасы мен Алғыс хаты табысталды.
Қызылорда облысы әкімнің баспсөз қызметі















