» » ҚАРМАҚШЫЛЫҚ ЖАС МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СЕМИНАРҒА ҚАТЫСТЫ

ҚАРМАҚШЫЛЫҚ ЖАС МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СЕМИНАРҒА ҚАТЫСТЫ


Елордамыз Астана қаласында Мемлекеттік қызметшілер күніне орай Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары Әлібек Ахмедьярдың қатысуымен жас мемлекеттік қызметшілермен семинар ұйымдастырылды.

Іс-шараға Президенттік жастар кадр резерві мен Өңірлік кадр резерв мүшелері, сондай-ақ жоғары GPA көрсеткіші негізінде мемлекеттік қызметке конкурстан тыс қабылданып, қазіргі таңда орталық мемлекеттік органдардың аумақтық департаменттері мен жергілікті атқарушы органдарда қызмет атқарып жүрген жас мамандар қатысты.

Бұл маңызды жиынға ауданымыздың мемлекеттік қызметшілері де қатысып, кәсіби біліктіліктерін шыңдады.

Семинар бағдарламасында «Digital Qazaqstan 2029» бастамасын іске асырудың негізгі бағыттары, цифрлық шешімдердің ауқымын кеңейту мәселелері, сондай-ақ жасанды интеллекттің мемлекеттік басқару тиімділігін арттырудағы және елдің дамуын ілгерілетудегі рөлі толық талқыланды.

Қатысушылар Big Data негізінде талдау жасау, болжау және шешім қабылдауды қолдау бойынша тәжірибелік кейстермен танысты. Сонымен қатар цифрлық трансформация жағдайында деректерді стратегиялық ресурс ретінде тиімді пайдалану және цифрлық мемлекетті дамытудың жаңа тәсілдері жөнінде ақпараттар алды.

Сонымен қатар семинар қорытындысында қатысушыларға арнайы сертификаттар да табысталды.

24 маусым 2026 ж. 133 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 789
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 075

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930