» » ҚЫЗЫЛОРДАДА САЯҚ ШЕГІРТКЕГЕ ҚАРСЫ ХИМИЯЛЫҚ ӨҢДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

ҚЫЗЫЛОРДАДА САЯҚ ШЕГІРТКЕГЕ ҚАРСЫ ХИМИЯЛЫҚ ӨҢДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

Өңірде ауыл шаруашылығы дақылдарын зиянкестерден қорғау мақсатында саяқ шегірткеге қарсы фитосанитариялық іс-шаралар жүйелі түрде жүргізілуде.

Бүгінгі таңда мамандар тарапынан тұрақты мониторингтік зерттеулер ұйымдастырылып, нәтижесінде жалпы көлемі 17,9 мың гектар аумақта саяқ шегірткелердің таралуы экономикалық зияндылық шегінен асқаны анықталды.

Анықталған ошақтарға қарсы жедел шаралар қабылданып, қазіргі уақытта 11,2 мың гектар жерге химиялық өңдеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл жұмыстарға арнайы жерүсті агрегаттары мен аса жеңіл әуе техникасы - дельтопландар тартылған.

Өңдеу барысында Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген «ГУНСЯО» 10% к.э. және «ТИАМЕТРИН» с.к. препараттары пайдаланылуда. Аталған препараттар зиянкестердің таралуын шектеуге және ауыл шаруашылығы алқаптарын қорғауға бағытталған.
Шегіртке зиянкестеріне қарсы қорғаныс шаралары алдағы уақытта да жалғасады. Фитосанитариялық жағдай тұрақты бақылауда ұсталып, қажетті жұмыстар кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын болады.

Облыс аумағындағы егістік және жайылым жерлерді қорғау мақсатында жауапты мекемелер мониторинг жұмыстарын күшейтіп, анықталған ошақтарға дер кезінде өңдеу жүргізуді қамтамасыз етуде.
10 маусым 2026 ж. 79 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 789
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 075

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930