Топ-баннер
Топ-баннер2
» » АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ДАҚЫЛДАРЫН ЗИЯНКЕСТЕРДЕН ҚОРҒАУ БОЙЫНША АУҚЫМДЫ ІС-ШАРАЛАР ЖҮРГІЗІЛУДЕ

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ДАҚЫЛДАРЫН ЗИЯНКЕСТЕРДЕН ҚОРҒАУ БОЙЫНША АУҚЫМДЫ ІС-ШАРАЛАР ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Аймақта 2025 жылы ауыл шаруашылығы дақылдарын зиянкестерден қорғау мақсатында ауқымды фитосанитариялық іс-шаралар атқарылды. Облыстық инспекция деректерінің мәліметінше, биылғы жылы ерекше қауіпті шегіртке зиянкестеріне қарсы 70 682 гектар жер көлемінде химиялық өңдеу жүргізілді. Зиянкестермен күрес тек шегірткемен ғана шектелмейді. Биыл жатаған у кекіреге қарсы - 97,5 га, қауын шыбынына - 1 750 га, калифорниялық қалқанша сымырына - 34,5 га, арамсояуға - 427,87 га жерге өңдеу жұмыстарын жүргізу жоспарға енгізілген. Бұл туралы ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Қызылорда облыстық аумақтық инспекциясының басшысы Мұхтар Оразбаев баяндады.

- Биылғы жылы ерекше қауіпті шегіртке зиянкестеріне қарсы фитосанитариялық күрес жұмыстарына келісім шарт негізінде 4 арнайы жер агрегаттары, 2 аса жеңіл ұшақ, 1 дана ұшақ және 3 дрон, қосымша 3 ұшақ, 10 жер агрегаты - барлығы 23 техника қатыстырылды. Ерекше қауіпті шегіртке зиянкестеріне қарсы күрес шараларын тиімді ұйымдастыру-үйлестіру мақсатында,аудандар бөлінісінде шегіртке зиянкестеріне қарсы қорғау іс-шараларын ұйымдастыру жөнінде «2025 жылы Қызылорда облысында шегіртке зиянкестерімен күрес шараларының іс-жоспары» жасалынды. Жол картасына сәйкес, маусымдық кезеңде облыс көлемінде шегіртке зиянкестерімен күрес шараларын ұйымдастыру-үйлестіру жұмыстарын жүргізуге 4 жұмысшы топ жұмылдырылды. Осыған сәйкес, өңдеу жұмыстары жүргізілетін әр ауылдық округтер бойынша қажетті техникалар, зертеушілер мен жауапты мамандар бекітіліп, тиісті деңгейде жұмыстар атқарылды. Сондай-ақ, сауда базарларына жүргізілген қадағалау нәтижесінде биыл 75 әкімшілік айыппұл салынды,- деді Мұхтар Әуесұлы

@Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

15 тамыз 2025 ж. 196 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№18 (10485)

07 наурыз 2026 ж.

№17 (10484)

03 наурыз 2026 ж.

№16 (10483)

28 ақпан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 600
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 392

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031