» » ТҮЛЕКТЕРДІҢ ҚАУІПСІЗДІГІ – БАСТЫ НАЗАРДА!

ТҮЛЕКТЕРДІҢ ҚАУІПСІЗДІГІ – БАСТЫ НАЗАРДА!


Мектеп бітіруші түлектердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында аудан аумағында кешкі және түнгі уақыттарда рейдтік іс-шаралар жүргізілуде.

Рейд жұмыстарына аудан әкімдігі, прокуратура, білім бөлімі, полиция қызметкерлері, мектеп директорлары және еріктілер қатысуда.
Жастар көп шоғырланатын орындарда – орталық көшелерде, саябақтарда, демалыс және ойын-сауық орындарында түсіндіру және бақылау жұмыстары ұйымдастырылуда.

Құрметті ата-аналар!

Балаларыңыздың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарап, олардың қайда және кіммен жүргенін назарда ұстаңыздар. Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің қарауынсыз жүруіне жол бермеңіздер.

Құрметті түлектер!

Қоғамдық тәртіпті сақтап, қауіпсіздік талаптарын ұстануға шақырамыз. Өз өміріңіз бен денсаулығыңызға жауапкершілікпен қарап, заң талаптарын бұзбаңыздар.

Бала қауіпсіздігі – баршамызға ортақ міндет!

19 маусым 2026 ж. 108 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 789
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 075

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930