Ертең Қазақстанның 12 өңірінде 38 градусқа дейін аптап ыстық болады
"Қазгидромет" РМК мамандары 2026 жылғы 17 маусым, сәрсенбіге арналған синоптикалық жағдай мен қауіпті ауа райы құбылыстарының болжамын жариялады.
Синоптиктердің мәліметінше, күндіз еліміздің 12 өңірінде ауа температурасы +35...+38 градусқа дейін көтеріледі. Атап айтқанда:
Атырау облысында;
Ақмола облысында;
Павлодар облысында;
Шығыс Қазақстан облысында;
Алматы облысында;
Жамбыл облысында;
Абай облысында;
Жетісу облысында;
Қарағанды облысының батысы мен оңтүстігінде;
Қостанай облысының оңтүстігінде;
Ақтөбе облысында;
Ұлытау облысында.
Сондай-ақ атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Елдің солтүстігінде күндіз қатты жаңбыр күтіледі. Ал батыста, солтүстік-батыста, солтүстікте және орталық өңірлерде бұршақ жауып, дауылды жел соғуы мүмкін.
Республика бойынша жел күшейеді. Солтүстік-батыс пен солтүстік өңірлерде түнгі және таңғы уақытта тұман түседі.
Өрт қаупі жоғары болатын өңірлер
Жоғары өрт қаупі мына аумақтарда сақталады:
Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл облыстары;
Ұлытау облысының батысы мен солтүстігі;
Қарағанды облысының оңтүстігі;
Батыс Қазақстан облысының батысы мен оңтүстік-батысы;
Маңғыстау облысының батысы;
Қостанай облысының оңтүстігі;
Ақмола облысының орталығы;
Жетісу облысы;
Павлодар облысының солтүстігі;
Алматы облысының солтүстігі, оңтүстігі және шығысы;
Түркістан облысының оңтүстік-батысы мен шығысы.
Төтенше жоғары өрт қаупі мына өңірлерде болжанады:
Қызылорда және Түркістан облыстары;
Абай облысы;
Батыс Қазақстан облысының қиыр батысы;
Ақтөбе облысының оңтүстігі;
Қостанай облысының оңтүстік-батысы;
Ақмола және Павлодар облыстарының шығысы;
Қарағанды облысының батысы, орталығы және шығысы;
Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігі мен орталығы;
Жамбыл облысының батысы мен оңтүстігі;
Алматы облысының батысы мен орталығы;
Жетісу облысының шығысы мен батысы;
Ұлытау облысының шығысы мен оңтүстігі.















