» » 14 маусымда найзағай, шаңды дауыл және аптап ыстық күтіледі – синоптиктер ескерту жасады

14 маусымда найзағай, шаңды дауыл және аптап ыстық күтіледі – синоптиктер ескерту жасады

14 маусым күні Қазақстан аумағының басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады. Атмосфералық фронттардың әсерінен кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ жаууы мүмкін. Тек еліміздің солтүстігі мен оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлайды Anyqtime.kz.
Қазгидрометтің мәліметінше, республиканың бірқатар өңірлерінде жел күшейіп, шаңды дауыл тұрады. Атап айтқанда:
Жамбыл облысында найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Жел 23-28 м/с-қа дейін күшеюі мүмкін.
Түркістан облысында таулы аймақтарда найзағай, жел және шаңды дауыл болады (17-25 м/с дейін).
Қызылорда облысында күндіз желдің екпіні 23 м/с-қа жетіп, шаңды дауыл көтеріледі.
Маңғыстау мен Батыс Қазақстан облыстарында найзағай, бұршақ және 15-20 м/с жылдамдықпен жел тұрады.
Атырау, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында найзағай күтіліп, күндіз жел күшейеді.
Ақтөбе облысында түнде найзағай жарқылдап, 20 м/с екпінде жел соғуы ықтимал.
Алматы, Қостанай, Павлодар облыстарының кей бөліктерінде күндіз жел 15-20 м/с дейін күшейеді.
Ақмола облысында найзағай болжанса, Солтүстік Қазақстанда түнде және таңертең тұман түседі.
Сондай-ақ, синоптиктердің болжамынша, Атырау облысының кей жерлерінде және Қостанай облысының оңтүстігінде қатты ыстық күтіледі.
Өрт қаупі де сейілер емес:
Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Ақтөбе, Павлодар облыстарының басым бөлігінде, сондай-ақ Алматы, Қарағанды, Қостанай, Ақмола, Батыс және Шығыс Қазақстан облыстарының кей аудандарында өте жоғары өрт қаупі сақталады.
14 маусым 2025 ж. 156 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 414
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 213

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930