» » ЖАС АСПАЗШЫЛАР СЫНҒА ТҮСТІ

ЖАС АСПАЗШЫЛАР СЫНҒА ТҮСТІ

Аудандық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен жұмысшы мамандықтарын дәріптеу, жастар арасында аспаздық өнерді насихаттау және олардың кәсіби шеберлігін дамыту мақсатында «Жас аспазшылар» байқауы өткізілді.
Аталған байқау жастардың аспаздық салаға деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, олардың шығармашылық қабілеттерін шыңдауға, еңбекқорлық пен жауапкершілік қасиеттерін қалыптастыруға бағытталды. Іс-шараға қатысқан жас аспаздар өздерінің ерекше тағамдарын ұсынып, дайындау барысында кәсіби дағдылары мен аспаздық өнердегі жаңашыл идеяларын көпшілік назарына ұсынды.
Байқау барысында қатысушылар тағамның дәмдік ерекшелігіне, безендірілуіне, әзірлеу техникасына және шығармашылық көзқарасына қарай бағаланды. Қазылар алқасы әр қатысушының шеберлігіне баға беріп, олардың болашақта кәсіби маман ретінде қалыптасуына мүмкіндік бар екенін атап өтті.
Тартысты өткен байқаудың қорытындысы бойынша І орынды Ұлбосын Молдахметова жеңіп алып, 70 000 теңге көлеміндегі ақшалай сыйлыққа ие болды. ІІ орынға Табиғат Мұсағали лайық деп танылып, оған 40 000 теңге табысталды. Ал ІІІ орынды Нұрсұлу Исаева мен Асылзат Мұханбедиярқызы өзара бөлісіп, 25 000 теңге көлеміндегі сыйақымен марапатталды.
Сонымен қатар, ерекше шығармашылығы мен тың идеялары үшін Дәуіржан Жұмабеков «Ең креативті аспаз» номинациясының иегері атанып, 15 000 теңге көлемінде қаржылай сыйлыққа ие болды.
Байқау жеңімпаздары мен қатысушыларына арнайы дипломдар мен алғыс хаттар табысталып, олардың алдағы уақытта да кәсіби жетістіктерге жетуіне тілектестік білдірілді.
Осындай тағылымды шараның жоғары деңгейде ұйымдастырылып, сәтті өтуіне қолдау көрсеткен «Қармақшы» мейрамханасының иесі Айша Құлдүйсеноваға ұйымдастырушылар шынайы ризашылықтарын білдірді. Оның жастар бастамаларына қолдау көрсетуі мен демеушілік көмегі іс-шараның мазмұнды әрі әсерлі өтуіне үлкен үлес қосты.
«Жас аспазшылар» байқауы жастар арасында жұмысшы мамандықтарының беделін арттыруға, аспаздық кәсіптің қыр-сырын танытуға және талантты жастарды қолдауға бағытталған маңызды шаралардың бірі болды. Мұндай байқаулар жас буынның кәсіби бағдарын айқындап, еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтарды таңдауға ынталандыратыны сөзсіз.
Ақнұр САҒЫНТАЙ
16 маусым 2026 ж. 40 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№45 (10513)

16 маусым 2026 ж.

№44 (10512)

13 маусым 2026 ж.

№43 (10511)

09 маусым 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 308
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 836

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930