Конституция
» » БАЙҚОҢЫР ҚАЛАСЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ ИНЖЕНЕРЛІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫ ЖЕТІЛДІРУ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ

БАЙҚОҢЫР ҚАЛАСЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ ИНЖЕНЕРЛІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫ ЖЕТІЛДІРУ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ


Облыс әкімі Мұрат Ергешбаев Байқоңыр қаласы әкімшілігінің басшысы Константин Бусыгинмен кездесті. Кездесуде Байқоңыр қаласының әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымын жетілдіру мәселелері қаралды.

Аймақ басшысы Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы мемлекеттік органдарының бірлескен жұмысы нәтижесінде «Байқоңыр» кешенінде маңызды жобалар кезең-кезеңімен жүзеге асырылып жатқанын атап өтті.

Жыл басында Байқоңыр қаласында әрқайсысы 50 пәтерлік бес тұрғын үй пайдалануға берілді. Қазіргі уақытта сумен жабдықтау және су бұру жүйелері жаңғыртылуда. Жоба коммуналдық инфрақұрылымның сенімділігін арттырып, халыққа көрсетілетін қызмет сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.

Бұдан бөлек, дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы да аяқталуға жақын, нысанды шілде айында пайдалануға беру жоспарланған.

Келесі оқу жылынан бастап Қазақстан Республикасының білім беру стандартымен аралас мектеп ашу мақсатында №7 мектеп ғимаратын облыстық білім басқармасының қарамағына беру жұмыстары жүргізілуде.
Кездесуде тараптар алдағы уақытта да өзара тиімді ынтымақтастықты жалғастырып, қала тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған бірлескен жобаларды жүзеге асыруға мүдделі екенін жеткізді.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

10 маусым 2026 ж. 80 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№50 (10518)

04 шілде 2026 ж.

№49 (10517)

30 маусым 2026 ж.

№48 (10516)

27 маусым 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 410
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

ОРДАЛЫ ЖЫРДЫҢ ОРАҒЫ

ОРДАЛЫ ЖЫРДЫҢ ОРАҒЫ

21 маусым 2026 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 923

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031