» » Облыс әкімі Байқоңыр қаласының басшысымен кездесті

Облыс әкімі Байқоңыр қаласының басшысымен кездесті

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Байқоңыр қаласының басшысы Константин Бусыгинмен кездесті.

Аймақ басшысы Қазақстан мен Ресей мемлекеттік органдарының бірлескен іс-қимылы нәтижесінде «Байқоңыр» кешенін дамыту мәселелері тиімді шешіліп келетінін атап өтті.

«Байқоңыр қаласын дамытудың ұзақ мерзімді бағдарламасын» іске асыруда және «Байқоңыр» кешені бойынша Қазақстан-Ресей үкіметаралық комиссиясының тапсырмаларын орындауда бірлескен жұмыс жалғасын тапқан. Үкіметаралық комиссияның соңғы отырысында тараптардың өзара түсіністігі мен ынтымақтастығының арқасында қаланың тыныс-тіршілігіндегі мәселелерді реттеу, сондай-ақ кәсіпкерлікті, туризмді дамыту үшін қолайлы жағдай жасау туралы уағдаластыққа қол жетті. Қаланы дамытудың ұзақ мерзімді бағдарламасы аясында менің тапсырмама сәйкес, қала әкімшілігінің қатысуымен инженерлік инфрақұрылым нысандарына бірлескен тексеру жүргізілді. Осылайша Қазақстан Республикасы қаражаты есебінен инфрақұрылымды жаңғыртуға қатысты шешімдер қабылданатын болады. Қазірдің өзінде қала тұрғындары біздің бірлескен жұмысымыздың нәтижесін көруде. Өздеріңіз білетіндей, өткен жылдың желтоқсан айында жалға алынған нысандар базасында 2 балабақша ашылды. Осы бағыттағы жұмыс жалғасатынына сенімдімін», – деді Нұрлыбек Машбекұлы.

Өз кезегінде, Байқоңыр қаласының басшысы облыс әкіміне қолдау көрсеткені үшін алғыс айтып, алдағы уақытта да бірлесіп жұмыс жасауға ниет білдірді.

Еске салсақ, Байқоңыр қаласының Бас жоспарына сәйкес биыл бес тұрғын үйдің құрылысы аяқталады. Бірінші тоқсанда сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін одан әрі жаңғырту басталады. Сондай-ақ, әлеуметтік, оның ішінде білім беру және спорт нысандарын салу мәселесі пысықталуда.

Мұнан бөлек, Байқоңыр қаласы жастарын қолдаудың 2022-2025 жылдарға арналған кешенді іс-шаралар жоспары аясында олардың білім алуы, табысты әлеуметтенуі үшін бірлескен жұмыстар қолға алынған. Мәселен, былтыр Байқоңыр қаласында облыстық жастар слеті өтті, жастардың Қызылорда қаласына экскурсиясы, мәдени-бұқаралық, спорттық және патриоттық іс-шаралар ұйымдастырылды.Кездесуде «жұлдызды қалашықтың» ортақ мәселелері талқыланып, әрі қарай бірлесіп әрекет ету бағыттары айқындалды.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
26 қаңтар 2024 ж. 179 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 257

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 357

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930