» » Облыс әкімі Байқоңыр қаласының басшысымен кездесті

Облыс әкімі Байқоңыр қаласының басшысымен кездесті

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Байқоңыр қаласының басшысы Константин Бусыгинмен кездесті. Аймақ басшысы қала нысандарын жалға алуда Қазақстан мен Ресей арасында ынтымақтастық орнатылғанын атап өтті.

«Қазақстандық тараптың қаланы күтіп-ұстауға және дамытуға қатысуы артып келеді. Жаңа көппәтерлі тұрғын үйлер салу жалғасып, инженерлік желілер қайта жаңартылуда. Байқоңыр қаласын дамытудың ұзақмерзімді бағдарламасы бірлесіп іске асырылуда. Қаланы дамыту мәселелері менің жеке бақылауымда. Бүгін Астана қаласында "Байқоңыр" кешені бойынша үкіметаралық комиссия жұмысына кірісті. Комиссия жұмысы қаланың одан әрі дамуына оң әсерін тигізетініне сенімдімін», - деді Нұрлыбек Машбекұлы.

Өз кезегінде, Байқоңыр қаласының басшысы облыс әкіміне қолдау көрсеткені үшін алғыс айтып, алдағы уақытта да бірлесіп жұмыс жасауға ниет білдірді. Кездесуде жылу беру маусымында тіршілікті қамтамасыз ететін Байқоңырдағы нысандар жұмысы туралы айтылды.

Байқоңыр қаласы әкімшілігі мен Қазақстан Республикасының субъектілері арасында әлеуметтік бағамен бөлінетін мазутты «Байқоңырэнерго» кәсіпорнына қажетті көлемде жеткізу мәселесі де талқыланды. Бүгінде бұл мәселені облыс әкімдігі және ҚР Энергетика министрлігі пысықтады. Қазір министрлік Байқоңыр қаласының қажеттіліктерін ескере отырып, облыс үшін мазут жеткізу көлемін ұлғайтатынын хабарлауда.

©️Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
07 қыркүйек 2023 ж. 256 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№18 (10386)

08 наурыз 2025 ж.

№17 (10385)

04 наурыз 2025 ж.

№16 (10384)

01 наурыз 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 480
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31